2019 жылдың 05 шілдесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Ғ.Тубаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Д.Омаров, «Жамбыл –адалдық алаңы» аясында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекция басшылығы, облыстық, қала, аудандың қызметкерлерімен, фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының, сондай-ақ, карантиндік зертхана басшылығымен кездесті.
Жиын барысында сала мамандарына функционалдық міндеттемелерді адал орындауға, сондай-ақ, шекера жанындағы бекеттердегі және сауда орталықтарындағы (базарда) карантинді заттар анықтауға бақылауды күшейтуді айтты.
Жиналған қауымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік және парасаттылық принциптерін ұстануды тек өздері ғана емес, мемлекеттік қызметші бола тұра жақындарына да жеткізуді сұранды.
Осыған дейін «Жамбыл –адалдық алаңы» жоба қызметкерлерінің уәкілетті органдармен бірлесіп сауда орталықтарында (базарда) рейдтік іс шаралардың ұйымдастыруының нәтижесінде бірқатар тұлғаларға қатысты тиісті рұқсат құжаттарының болмағандығы үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Сонымен қатар, іс-шаралар барсында Қырғызстан Республикасынан әкелінген 74 келі шиенің ішінен шыбын құрты анықталғанымен, аталған шие шыбының құрты карантинді заттар қатарына жатпауының салдарынан қайта айналымға жиберілген болатын.
Осыған орай, кеңес барысында аталған мәселе де талқыланып, шиенің тұтас желінетін ескере отырып, адам ағзасына зиян келу мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында, шие шыбының карантинді объектілер қатарына кіргізу туралы уәкілетті органға ұсыныс берілді.