Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті брифинг өткізді
Мемлекеттік қызмет саласын және Әдеп кодексінің талаптарының сақталуын бақылау Департамент жұмысының негізгі бағытарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, Әдеп жөніндегі кеңес мәжілісінде 59 мәселе талқыланып, олардың арасында 35 тәртіптік іс қаралды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы баянддады.
Мақсұт Ыбрайханұлының айтуынша, тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 30 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берілсе, қалған 5-і қысқартылды.
Жалпы жазаға тартылғандардың 6-ы қызметтерінен босатылса, 23-не қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту және 1-не сөгіс берілді.
Сонымен қатар, осы саладағы әкімшілік тәжірибе бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу) – 9 әкімшілік іс, сондай-ақ,
2-бөлігімен (адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымнан құқыққа сыйымсыз босату) 1 әкімшілік іс қозғалды.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасымен қайырылған азаматтардың құқығын қалпына келтіру қызметін жүзеге асырып келеді.
Есепті кезеңде аталған басқарма тарапынан 194 өтініш қаралды.(Оның 175-і жеке тұлғалардан, 22-і заңды тұлғалардан).
Әр өтініш бойынша Департамент басшылығымен қатаң бақылауға алынып, жеке қабылдаулар жүргізіліп, тиісті түсіндірмелер беріліп келеді.- деп сөзін қорытындылады спикер.