Ағымдағы жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді.
Науқастарда ауру симптомсыз жүреді. Коронавирус Мойынқұм аймағының 18 жастағы тұрғыны мен оның 9 жасар інісінен анықталды. Олар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша байланыста болған тұлға ретінде тексерілген. Бұған дейін олардың анасы коронавирус жұқтырған болатын.
Олар қазір үй карантинінде.
Жалпы, ағымдағы жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 4160 жағдайы тіркелді, ауруханалардан 4068 науқас емделіп шығарылды.