2020 жылы 3 мамырда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның үш жағдайы тіркелді.
Байзақ ауданының 1965 жылы туған тұрғыны 2 мамыр күні орталық аудандық ауруханаға дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақтың ауыруына қатысты шағыммен түсіп, ПТР-зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.
Екінші оқиға да Байзақ ауданында анықталды. 1963 жылы туған ер адам 2 мамыр күні ауруханаға жатқызылған. Зертханалық тексеру кезінде COVID-2019 диагнозы расталды.
Үшінші оқиға 1985 жылы туылған Тараз қаласының тұрғыны өзіне дейін коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде тексерілді.
Науқастар инфекциялық стационарға тасымалданды. Эпидемиологиялық тексеру барысында байланыста болған 18 тұлға анықталып, карантинге алынды. Талдаулар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 149 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында — 70, Байзақ ауданында – 9, Жамбыл ауданында – 5, Қордай ауданында — 37, Меркі ауданында — 3, Шу ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1.
Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 оқиға анықталған.
Дертті жұқтырғандардың 48-і айығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.