Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Бразилия Федеративтік Республикасындағы елшісі Қайрат Саржанов СІМ-де өткен брифингте айтты.
Елшінің айтуынша, Бразилияда Қазақстан азаматтары көп емес.
«Бразилияда қазақстандықтар аз. 45-50 шақты адам бар. Олар – сол жаққа тұрмысқа шыққан немесе басқа да себептермен барғандар», — деді елші.
Саржанов елшілікке көмек сұрап келген қазақстандықтар туралы тоқталды.
«Елшілік тарапына көмек сұрап келетіндер бар. Өкінішке қарай, 2017 жылы 2 адам, 2018 жылы 2 адам – ағалы-қарындас есірткімен ұсталды. Аталған 4 адамның екеуі бостандыққа шықты. Енді алдағы уақытта екіжақты – Қазақстан мен Бразилия арасындағы келісімдер жасалып, қалған екі адамды жазасын өз елімізде өтеуге шаралар қабылдану жоспарланған», — дейді дипломат.
Ескерту!
Дереккөз Baq.kz сайтынан