БІЗГЕ КЕЛГЕН ЖАУАП Және тағы бір сәтсіз тағайындауға облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалған Әділет Ахатаевты да қосуға әбден болады. Расында, өңірде құрылыс саласы қарқынды жүруде. Дегенмен облыстық маңызы бар жол мәселесі күн тәртібінен әлі де түспей келеді. Атап айтқанда, Мойынқұм мен Шу аудандарына бара қалсаңыз жолдың зардабын тартарыңыз ақиқат. Ондағы жұртшылық үміттеніп, бұған үйренісіп те қалғандай. Ондағы күре жолдар республикалық маңызға ие екенін ескерсек, мәселені бүкіл ел болып та көтеруде. Оған әлеуметтік желілердегі жазбалар мен видеолар дәлел. Басшы болғанға дейін басшының орынбасары болған ол аталған мәселені неліктен қаперге алмағанын кім білсін?!
www.turaninfo.kz сайтында «КӨКРЕКБАЕВТЫҢ СӘТСІЗ ТАҒАЙЫНДАУЛАРЫ» атты мақаланың «
» осы бір бөлігіне теріс шығару ақпаратын жолдаймыз.
Біріншіден, Меркі ауданынан Шу ауданына дейінгі және Шу ауданынан Мойынқұм ауданы (Бұрылбайтал) бағытындағы автомобиль жолы республикалық маңызы бар жолдар тізбесінде. Бұл жолдың атауы «Меркі-Шу-Бұрылбайтал», жалпы ұзақтығы 266 шақырымды құрайды.
«Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автомобиль жолы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің теңгерімінде. Аталған жолға ағымды жөндеу, күтіп-ұстау жұмыстарымен қатар, жалпы пайдалану жұмыстарының мемлекеттік тапсырыс берушісі «Қазавтожол» Ұлттық комания» Акционерлік қоғамының Жамбыл облысы филиалы болып табылады. Ал, бұл жұмыстарды атқаратын мердігерлік мекеме «Казахавтодор» ЖШС-гі.
Ақпарат ретінде, «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автожолын жөндеу жоспары.
2018 жылдың І жартыжылдығында «Эксим Банк» (Қытай) қаражаты есебінен Меркі – Шу –Бурылбайтал автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасын іске асыруды бастау күтілуде. «Эксим Банкпен» (Қытай) кредиттік келісімге қол қойылды. «Қазжолжоба» ЖШС мердігер мекемесімен ЖСҚ жобалау бойынша жұмыстар басталды, олар 2018 жылдың сәуір-шілде айларында аяқталатын болады. ТЭН бойынша жалпы құны 102 000 млн. теңгені құрайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 2-ші тармағына сәйкес, Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес, Басқарма облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және ұстау бойынша шараларды әзірлеу және мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары желісін басқарады.
Ақпарат ретінде, жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы туралы мәлімет:
2017 жыл қорытындысы бойынша жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 77 % құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға өсті.
Аталған көрсеткішке қол жеткізілуі үшін 2017 жылы жол жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына барлық бюджет көздерінен 11,2 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, облыстық маңызы бар автожолдарға 2,8 млрд. тенге, аудандық маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелеріне 5,5 млрд.тенге және Тараз қаласының көшелеріне 2,9 млрд. тенге.
Қарастырылған қаражаттар есебінен жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерінде жалпы 18 шақырым жаңа жол құрылысы (оның ішінде 6,06 шқ. асфальтті, 11,9 шқ. шағалды), 14,4 шақырым қайта жаңғырту, 2,68 шақырым күрделі жөндеу және 381,4 шақырым орта жөндеу (о.і. жергілікті маңыздағы жолдар — 201 шқ.; көшелер — 180,4 шқ.) жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, автожолдардағы 3 көпір — құрылыспен, 3 көпір — қайта жаңартумен және 4 құбыр орташа жөндеулермен қамтылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бөлінген 536,0 млн.тенге аясында облыстық маңызы бар автожолдарда келесідей жұмыстар атқарылды:
— шұңқырлықты жөндеу – 80 310 м2;
— жаңа жол белгілерін орнату – 1 118 дана;
— көпірлер мен жол бойындағы қоршауларды орнату – 906 п.м.;
— шақырым көрсеткіш бағаналарын орнату – 530 дана;
— жол жамылғысына өстік таңба салу – 1313,7 ш/м;
— жол бойы ағаш алқаптарына өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту – 741,75 шм.
жасыл желектер мен жол бойындағы сарышырмауықтарды химиялық өңдеу.
Редакциядан: Осы мәліметке сүйенсек, жолдар мен көшелерді жөндеуге қырауар қаржы бөлініп, біраз шаруа жасалған. Бұл рас. Бірақ, осыған қармастан, қарапайым халық тар жол тайғақ кешумен келеді. Бұл ақиқат.
TURANINFO.KZ