Бірлесе жұмыс істеу – нәтижелі болмақ
Жақында аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, жоспарға сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалы–«ХҚКО» департаментінің Меркі аудандық бөлімінің қызметкерлерімен жиналыс ұйымдастырды.
Жиналысты Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Қанат Сейдалиев ашып, қазіргі танда көрсетілетін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы КЕ АҚ-ы орталығы арқылы берілетінін айтты. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсету кезінде туындайтын мәселелерді шешу бойынша ай сайын өткізілген отырыстардың өз нәтижесін бергеніне тоқталды. Бірлесе жасаған жұмыстың арқасында көптеген проблемалық сұрақтар өз жауабын тапқандығын атап өтті.
–Өтінішпен келген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізбесек, құжаттардың белгіленген уақытынан мерзімі өтіп кететініні белгілі, – деген Қанат Мыңжасарұлы, – «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мемелекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген «Әскерге шақырушылар және әскери міндеттілерді есепке алу және есептен шығару» қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ-ы арқылы азаматтардың өтініштері қабылданатыны туралы түсіндірме жұмыстарының дұрыс жүргізілуінің маңызына назар аударды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің мемелекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2017 жылғы 14.03. №113 2017 жылғы 27 шілдедегі бұйрығында көрсетілген нұсқама талаптарына сай жұмыс жасауға шақырды.
Өз кезегінде сөз алған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің Меркі аудандық бөлімі басшысының орынбасары А.Молдабеков орталық ұсынатын қызметтердің түрлеріне тоқталып өтті.Одан соң кейбір өтініш білдірген азаматтардың құжаттарының стандартқа сай келмей жататын кездері болатынын, сол себепті де түскен өтініштердің кейде белгіленген уақытында рәсімделмей қалатынын алға тартты.
–Мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады,көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес, құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі, – деген А.Молдабеков, – сонымен қатар, қосымша «Әскерге шақырушылар және әскери міндеттілерді есепке алу және есептен шығару» қызметі қосылғандығын ескертіп өтті.Түсіністікпен бірлесе жұмыс істеудің маңызына тоқталды.
Тақырыпты талқылаған қос мекеменің қызметкерлері «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп, алдағы уақыттарда қызмет сапасын арттыруға уағдаласты.
Олжас Қырғызбаев,
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
жұмылдыру ресурстарын есепке алу
және тағайындау жөніндегі инспекторы