Ағымдағы жылдың 16 қарашасында облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Тараз қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қаланың көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында облыс орталығының 10 мекемесінде ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық (қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу) дерегі анықталды.
Келушілер арасында Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы №6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысында және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159-бабының 5-тармағында көрсетілген қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған ақпараттық парақтары таратылды.
Тараз дәмханасының әкімшілігі ҚР ӘҚБтК 422-бабы (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау) және 423-бабы (есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау) бойынша әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі