2017-2018 оқу жылына 13 683 оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі мекемелерде 2697 бала тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 2018 жылы 3 жекеменшік балабақша, мектеп жанынан 100 орындық шағын орталық ашу арқылы 79,9%-дан 90%-ға жеткізілмек, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады
Бүгінгі күні Құлан ауылында сыйымдылығы 2470 орындық 5 мектепте 1-11 сынып және мектепалды даярлық балаларын қосқанда 4095 оқушы дәріс алуда. Құлан ауылында оқушылар санының өсуіне байланысты 600 орындық жаңа мектеп соғу жоспарланып отыр.