Бүгін Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінің алғашқы жекпе-жегін 52 салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов қытайлық Гуо Жангқа қарсы өткізді. Кездесуді ширақ бастаған Сәкен «ә» дегеннен өзінің алаңда кім қожайын екендігін таныта алды. Соққыларын үсті-үстіне жаудырған ол қарсыласына айтарлықтай қиындық тудырды. Дегенмен Гуо Жанг та оңай шағылар жаңғақ емес екендігін шаршы алаңда дәлелдей білді. Осылайша тартысты өткен жекпе-жекте 3:0 есебімен Сәкен Бибосынов жеңіске жетті.