Мемлекет басшысының Өкімімен Құрманғали Берік Уәлиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Берік Уәлиұлы 1977 ж. Шығыс Қазақстан облысында туылған. Соңғы қызметі Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы лауазымын атқарған.