• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Бердібек Сапарбаев: Тәрбие – отбасынан басталады

21.09.2020
0
Бердібек Сапарбаев: Тәрбие – отбасынан басталады
191
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жұма, 18 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған білім беру саласы мен ішкі істер органдарының, прокуратура өкілдері, мектеп директорлары және оқушылардың ата-аналары қатысты.

Мұғалімдердің тамыз конференциясында аймақ басшысы бірінші кезекте шешілуі керек түйінді түйткілдерді атап өткен болатын. Коронавирустық пандемия білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер енгізгенімен, бірақ негізгі қағидалар сақталып отыр. Атап айтсақ, баланы қоғамның лайықты азаматы ретінде тәрбиелеп шығаруда мектеп пен ата-ананың тығыз қарым-қатынасы қашан да өзекті. Әсіресе, жеке тұлға болып қалыптасудағы отбасының рөлі зор.

Аймақ басшысы соңғы кездері жоғары сынып оқушылары арасында топтық төбелестердің жиілеп кеткенін, оның бірі өліммен аяқталғанын атап өтті. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 38,3% — ға төмендеу көрсеткішіне көңіл марқаймау керек. Мысалы, кәмелетке толмағандар жасаған ауыр қылмыстардың саны 114,2% — ды құрады.

Ұсынылған шаралар туралы сұраққа жауап берген ювеналды полицияның аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов мектептегі бейнекамераларды полиция департаментінің жедел басқару орталығының жүйесіне қосуды және білім беру мекемелерінің аумағында тыйым салынған заттардың тізбесін заңнамалық түрде бекітуді ұсынды.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Бақыт Жақсылықова 70-тен астам отырыс өткізілгенін, оның қорытындысы бойынша 47 адам ата-ана құқығынан айырылғанын, 244 отбасы мен 318 бала арнайы қолдау шараларымен қамтылғанын хабарлады. Бұл ретте, білім беру мекемелерінің ювеналды инспекторлармен қамтылу көрсеткіші 52 пайызды ғана құрайды. Бүгінде ішкі істер органдарында 126 жасөспірім есепте тұр десек, оларға қатысты қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова кейбір ата-аналардың балаларына деген жауапсыз көзқарасына назар аударып, олардың тәрбие мәселесін тек мектепке ысырып қоятынына қынжылыс білдірді. Қазіргі таңда көптеген балалар үйлері балаларының болмауына байланысты жабылуда десек, бала отбасында тәрбиеленуі керек деген мемлекеттік саясат күшіне енуде. Қазір облыстың тиісті мекемелерінде 113 бала тәрбиеленуде. Ол кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктілік фактілерінің көбеюіне көңіл бөлді.

Облыс әкімі егер балалалардың тұрақты түрде айналысар ешнәрсесі болмаса, онда жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен басқа да алдын алу шаралары нәтиже бермейтінін атап өтті.

— Бұл орайда бос уақыт тиімді өткізу мен тәрбиеге қатысты, спорт секциялары, үйірмеле және қосымша біліммен қамтамасыз ету мәселелеріне ден қою керек. Егер балаға ешкім көңіл бөлмесе, оның бос уақыты және тәрбиесімен ешкім айналыспаса, онда құр түсіндіру жұмыстарынан пайда болмайды, — деді Бердібек Сапарбаев шара қолдануды тапсырып.

Өңір басшысы мектеп түлектерінің қай ЖОО-ға түсетінін, егер оқуға түспесе, қайда жұмысқа орналасқанын бақылап отыруды күшейтуді талап етті. Бердібек Сапарбаев «Шөлдала» тұрғын алабы мен «Жеңіс» саябағындағы төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналарын да тыңдады.

— Кәмелетке толмағандардың заңсыз әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру қажет. Мұғалімдер баланы тәулік бойы бақылай алмайды. Отбасында ата-ана адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыруы тиіс. Балалары заң бұзған мектептер мен немқұрайлы ата-аналар туралы ашық айту керек. Бүгінгі күні әкелер мен аналар ата-аналар жиналысына жиі қатыспайды, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс үзілуде. Бұған жол бермеген абзал. Біз тәртіптің маңыздылығын ұмыта бастадық, онсыз жаңа ұрпақ тәрбиелеу және құқықтық қоғам құру мүмкін емес, — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

                        Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тегтер: turaninfo
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
1,5 миллиард теңге ұрлады: Перизат Қайрат қамалды

Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс Астана сотына жіберілді

30.06.2025
«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

«Қажымұқан» фильмі Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды

30.06.2025
Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

Президент құқық қорғау жүйесін және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

30.06.2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Тоқаев «Антикорды» ҰҚК қарамағына біріктірді

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты