Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен өңіріміздің Полиция департаментінің бірінші орынбасары тағайындалды.
Ол – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі Бауыржан Үдергенов.
Бауыржан Арынұлы қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Орынбасарыма ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруды тілеймін.
Дереккөз: Арман Оразалиев фейсбук аккаунтынан