«Бастау Бизнес» жобасы орындалуда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. 2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы сәуір айынан бастап Жамбыл облысының 6 ауданында жүзеге асырылды.
Меркі ауданында 2017 жылдың басынан 187 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыды.Отыз күнге арналған тегін оқу курсына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары қатысады. Басты мақсат – халыққа бизнес негіздері бойынша білім беру және өз ісін бастауға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігіне қол жеткізу. Оқу барысында бизнес-жоспар қаржы-экономикалық үлгіні, бизнес-операцияларды жүзеге асыру бағдарламасын, фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу нарығы, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру, шығындар және олардың тиімділігі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы мәліметтер алады. Оқу соңында 16 мың 750 теңге стипендия төленеді.Осылайша оқып, сертификат алған азаматтардың ішінен 39 азамат 149 250 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, бүгінгі таңда жеке кәсіптерін ашып, жұмыстарын жүргізуде.
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға қажетті материалды-техникалық жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. Бұған қоса ақпараттандыру, тестілеу, оқыту және бизнес-жобаларды сүйемелдеу кезеңдеріне де қолдау көрсетіледі.Осы бағыттағы барлық жұмыстар жоспарлы түрде іс жүзіне асырылуда.
ЛизаАзизбекова,
Кәсіпкерлер палатасы
Меркі аудандық
филиалының директоры