Бас Мүфти Әулиата жерінде мешіт құрылысымен танысты

308
ҚАРАЛЫМ

Көненің көзі болған, тарихы 2000 жылдан астам Тараз шаһарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз іс-сапармен келді. 

Елордадан ат артып келген Хазірет мүфти қалада салынып жатқан жаңа құлшылық үйінің құрылысымен танысты. Мүфтиге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл, облыстың мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Халид Қожахметов «Арай» ықшам ауданында бой көтеріп жатқан мешіт жайлы мағұлмат берді.

Айта кету керек, «Арай» алқабы бернеше жылдар бойы соғылып келе жатқан қаланың жаңа бөлігі. Қазіргі таңда тұрғындары көбейіп, үлкен аймаққа айналған жерде мешіт өте керек-ті.

Серікбай қажы Ораз Алла үйінің құрылыс жоспарын қарап, мешітті соғып жатқан демеуші Жамбыл облыстық маслихатының бұрынғы депутаты, кәсіпкер Тілеуов Оразалы Тілеуұлына алғыс білдірді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

Дереккөз:  http://asyldin.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы