Балалар үйінің тәрбиеленушілері Жамбыл облыстының Полиция
департаментіне бейнежазба арқылы алғыс білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығының
тәрбиеленушілері Полиция департаментіне жолдаған бейнежазбада өз
алғыстары мен ізгі тілектерін білдірген.
Халықаралық балаларды қорғау күні орталықта Жамбыл облыстық
Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов болып қайтты. Ол
оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы демалыс кезінде
сәтті демалыс тілеп, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ балаларға киім-кешек,
спорттық құрал-жабдықтар табыстап, балмұздақ түрінде тәтті сыйлықтар
ұйымдастырды. Мереке өте көңілді әрі тартымды өткізілді. Балалардың
шынайы қалпымен жолдаған жауабы- бейне жазбадағы алғыс сөздері
болды. Балалар полиция қызметкерлеріне ұдайы көрсететін қамқорлықтары
үшін алғыстарын білдіріп, құқық тәртібінің айбынды қорғаушылары- әрбір
полицейге мықты денсаулық және отбасылық амандық пен сәттілік тіледі.