Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласында 11-ші балабақшада келеңсіз жайттар орын алған. Атап айтсақ, 11-ші балабақшаның меңгерушісінің міндетін атқарушысы “СЭС” үшін ай сайын ақша жинатқызатынын бейнероликтен байқауға болады. Бұндай ақпаратты балабақшада істейтін қызметкердің бірі әлеуметтік желіге салған болатын.
Ақша беруден бас тартқан жағдайда, балабақшаның меңгерушісінің міндетін атқарушы жұмыстан босатылатындығы туралы айтқан. Сондай-ақ, автор балабақшада бастықтың туған күнін мерекелеу туралы бейнеролик түсірген, онда ол балабақша қызметкерлерінен мәжбүрлі түрде жиналған ақшаны сыйлық ретінде қабылдап алынғаны тайға таңба басқандай көрсетілген.
Бұл туралы, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинакбаева фейсбук әлеуметтік желісінде хабарлады.
Құрметті желі пайдаланушылар! Тараз қаласындағы 11-ші балабақшада орын алған жайтты ескеріп, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жұмыстан босатылды.Видеода айтылған қаражат балабақшаға салынған әкімшілік айыппұлдың төлемі,түбіртегі бар. 29 сәуірде төленген. Видеода көрсетілген құттықтау сәуір айында орын алған.
Осындай келеңсіз жайтқа жол бермеу туралы білім мекемелерінің басшыларына ескертілген, бұйрықпен танысқан.
Фото onlinetaraz интаграм аккаунтынан алынды.