Байзақ ауданының мәдениет үйінде «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында аудандық форум өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М. Нәлібаев, Байзақ ауданының әкімі Р. Рахманбердиев, Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Мейірманов, мемлекеттік орган қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.
Марафон аясында Байзақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі форматта 50-ден астам іс-шаралар өткізіліп, оған 2 мыңнан астам адам қамтылды.
Форум барысында Байзақ ауданы «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоның кітабын Тараз қаласына табыстады.
Ендігі кезекте Тараз қаласының әкімдігі сыбайлайс жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыратын болады.
«Адал жол» марафонының қорытындысы форумы 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізілмек.