Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев және штаб мүшесі Ринат Нұрақбаев колледж ұжымы алдында адалдық пен парасаттылық, тазалық пен әділдік тақырыбында сөз қозғап, жиынға қатысушыларды ашық диалог алаңына шақырды. Өз кезегінде пікір білдіріп, ой айтқан Фарида Фаридқызы, парасаттылық байқауы бойынша оза шапқан шәкірттерін мақтан етіп, «Таза сессия» акциясына белсенділік танытып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, жесқорлықпен күресу мақсатында білім ошағында шаралар ұйымдастырылады. Штаб мүшесі Ринат Нұрақбаев білім мен тәрбиеде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әр баланың бойына елге, жерге деген патриоттық сезімді ұялата білу үлкен жетістік деп бағалады. Өйткені, елін, жерін сүйген азаман Отанға опасыздық жасамайды, яғни пара алып, ел дамуына қиянат емес, керісінше ұлтын сүйген азаматтар пайдасын қосуға үлесін тигізеді дейді. Жиын соңында естелік суретке түсіп, айтылған әрбір сөз іс жүзінде орындалатынына уағдаласты.