Растау әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін пайдалану – электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетеді.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оның айтуынша, аутентификация әдісі ретінде бір реттік SMS құпия сөздерін немесе бірегей сәйкестендіру нөмірін пайдалану арқылы электрондық қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдету ұсынылды.
— Бұл әдіс Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты дамыған елдерде қолданылады. Қазақстанда SMS-парольдер 64 мемлекеттік қызмет үшін ғана пайдаланылады. Осыған байланысты, реестрдің барлық қызметтері үшін бір реттік пароль пайдалану үшін электрондық-сандық қолтаңбалардан бас тарту жалғасуда, – деді ол.
Дереккөз: zakon.kz сайтынан