Тұрар Рысқұлов ауданында биылғы жылы 1401 шаруа қожалықтары тіркеліп, оның 1221-і жұмыс істеп тұр. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. Аудан басшысының айтуы бойынша жұмысы тоқтап тұрған 180-ге жуық шаруашылықты ірілендіру арқылы жандандыру немесе жабу бойынша тиісті жұмыстар нәтижелі жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған көрсеткішке жету мақсатында жалпы құны 26 698,3 млн. тг өнімі өндіріліп, физикалық индекс көлемі- 102,7%, оның ішінде егін шаруашылығы 13814,1 млн.тг, физикалық индекс көлемі- 103,0%, мал шаруашылығы өнімі 12884,2 млн. тг, физикалық индекс көлемі- 102,6% құрайды деп жоспарлануда. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 701,9 млн. тг артады деген жоспар бар.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында егіс алқаптарының көлемін арттыру, өнім түсімін жоғарылату арқылы жалпы өнім көлемін ұлғайту, асыл тұқымды мал басының өсімі арқылы мал шаруашылығы өнімділігін арттыру индикаторларына қол жеткізілмекші. Ауданда 143 623 га егістік алқаптың 3455 га ғана, яғни 2,4 % суармалы алқап ретінде тіркелген.Оның ішінде масақты дақылдар-86666 га (794,36 га) , майлы дақылдар 16 915 га (2017ж- 16015), қант қызылшасы 500 га (2017ж-402га),көкөніс,бақша, картоп өнімдері-1000га (2017ж-1000га), көп жылдық шөп 9720 га (6720га ескі жоңышқа), қосымша 30 520 га жерге пар жыртылуда. 2017 жылдың маусым айынан бастап, аудандағы 18 каналдың 16-сы «ҚАЗСУШАР» Жамбыл филиалына өткізілді. 2018 жылға аудандағы барлық каналдар мен бұрынғы скважиналарға Мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 млрд. 106 млн. теңге қаржы бөлініп, жөнделуі қарастырылуда.