Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Талас ауданы әкімі Досмаханбет Алиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Досмаханбет Қасымұлы ауданының соңғы 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ағымдағы жыл еліміз үшін табысты да берекелі, қуаныш пен жасампаздыққа толы жыл болды. Еліміз үшін маңызды құжаттар қабылданды. Атап айтар болсақ Елбасының дәстүрлі халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің әлеуметтік бес бастамасы» атты Үндеуі жарияланды. Аталған Жолдауды және Үндеуді аудан тұрғындары арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты ұйымдастырылып, өткізілуде.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің киелі тұмары, Қазақстанның қуатты қозғаушы күші, Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы жалпы өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 22 млрд. 109 млн. теңгені құрап, 14,0%-ға немесе 2 млрд. 715 млн. теңгеге өсті. (2017 жылы 19,394 млрд. теңге)
Оның ішінде:
Өнеркәсіп өнімдері 11 млрд. 736 млн. теңгеге өндіріліп 116,4 пайызға артық орындалды. Нақты көлем индексі 110,9% құрады.
Кәсіпорындарды талдайтын болсақ, жыл басынан бері «Talas Investment Company» ЖШС 4066 тонна цианид натрий және 1444 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 3 млрд. 76 млн тенгені құрады. «Жамбыл Недр» ЖШС 1415 тонна цемент және 4600 тонна клинкер өндіріп, ақшалай 35 млн. тенгені құрады. «Қаратау ПРО» ЖШС 36559 тонна мәрмәр ұнтақталған толтырғыш өндіріп, ақшалай 272 млн. 900 мың тенгені құрады. «Амангелді ГАЗ» ЖШС 155 млн. 600 мың текше метр табиғи газ және 7900 тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 5 млрд. 877 млн. теңгені құрады. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1600 тонна сұйытылған газ, 700 мың текше метр газ және 4800 тонна дистилятор өндіріп, ақшалай 511 млн. 200 мың теңгені құрады. «Шолақтау» тау кен өңдеу кешені 46800 тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндірді.
Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасы-ның орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында 18 млрд. 211 млн. теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылды.
Атап айтқанда: жылына 15000 тонна цианид натрий шығаратын «Talas Investment Company» ЖШС-гі, жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-і және жылына 110 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау Про» ЖШС-і.
Ауыл шаруашылығы өнімдері 6 млрд. 110 млн. теңгеге өндіріліп, 101,0% орындалып, немесе 57 млн. 900 мың теңгеге артық өндірілді. Нақты көлем индексі 101,5% құрады.
Мал шаруашылығы бойынша: Мал мен құс еттері: 7905 тонна (102,2%-ға), сүт 6192,0 тонна (102,5%-ға), жүн 284 тонна (102,0%-ға) жұмыртқа 1 млн. 941 мың дана (64,3%-ға) өндірілді.
Мал басы: ірі қара малы 26783 бас 6,5%-ға, қой-ешкі 383478 бас 0,2% — ға, жылқы 10555 бас 10,6%-ға, түйе 2237 бас 4,9%-ға, үй құстары 31993 бас 25,5%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 228 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 136,9 пайызға артық орындалды. Нақты көлем индексі 104,2 пайызды құрады.
Сметалық құны 436 млн. 49 мың. теңгені құрайтын, Қызыләуіт ауылының инфрақұрылымын дамыту және жайластыру нысанына 2017 жылға 178 млн. теңге және 2018 жылға 249 млн. 161 мың. теңге бөлініп жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2018 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Мердігер «AKM Group» ЖШС-і.
Сметалық құны 650 млн. теңгені құрайтын, Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 222 млн. 222 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2019 жылы пайдалануға беріледі. Атқарылған жұмыс 35 пайыз. Мердігер «МонолитДизайн-2030» ЖШС-і.
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің (24969 адам) қазіргі таңда 12 ауылдық елді мекені (16668 адам) су жүйелеріне қосылған, немесе 66,7%. Қызыләуіт пен Есейхан ауылдарындағы халық саны 3342 адамды құрайды, жоба іске асырған соң ауылдардың халқы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ауданның су жүйелеріне қосылған елді мекендерінің саны 2 елді мекенге көбейіп, ауданның индикативтік көрсеткіші 80,1 пайызға жетеді.
Сонымен қатар, 2018 жылы Қасқабұлақ ауылына су құбыры жүйесін құрылысын жүргізу үшін 711 млн. 510 мың теңгеге ЖСҚ әзірленіп, Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, республикалық және облыстық бюджеттен 2019 жылға қаражат қарастыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылды.
Одан бөлек, Майтөбе ауылының су құбыры жүйесін құрылысын жүргізу үшін, ЖСҚ әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2018 жыл қараша айы.
Елбасының бағдарламалық құжаттарының арқасында облыс басшылығының қолдауымен ауданда болған 6 аппатты жағдайдағы мектептің соңғысы Қасқабұлақ ауылындағы орта мектеп 483 млн. теңгеге жаңадан салынып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
(2017 жылға 200 млн. теңге және 2018 жылға 283 млн. теңге бөлініп, нысан ағымдағы жылдың 20 маусымында аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер «Керуен Сервис» ЖШС-і.)
Сауда тауар айналымы 1 млрд. 33 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда, 132 млн. теңгеге артық орындалды. Нақты көлем индексі 107,2% құрады.
Инвестициялар ауданға 6 млрд. 85 млн. теңгеге негізгі капиталға инвестициялар құйылды ып, былтырғы жылмен салыстырғанда 93,7 пайызға немесе 410 млн. 200 мың теңгеге кем орындалды. 9 айдың қорытындысымен орындалады деп күтілуде деп келтіру қажет.
Индустриалды аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 шақырым ара қашықтықта, «Қаратау-Тамды» тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан.
Қазіргі таңда, аудандағы Индустриялық аймақтан құны 3 млрд. 735 млн. 200 мың теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» (Винд Пауэр Сити) ЖШС-не және «Wind Electricity» (Винд электрсити) ЖШС-не 20 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Бұл 2 жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалып, келісу және бекіту сатысында. Кәсіпорындар құрылысы 2018 жылдың қараша айында жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары барысында 50 адам жұмысқа тартылатын болады. Нысандардың құрылысына инфрақұрылым тартуды қажет етпейді.
Пайдалануға берілген тұрғын жай 22 269 шаршы метрді құрап, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, немесе 15 616 шаршы метрге артық орындалды.
Ауданда 2018 жылдың 1 қыркүйегіне кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1 739 адамы құрады.
«Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында:
Бүгінгі күнге, қалада жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер (3 мөлтек ауданы № 49,51 және 5 мөлтек ауданы №51,52,55,58 үйлер) жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға берілуде.
Бюджеттің орындалуы
Кірістер бойынша жоспар 8 млрд. 208 млн. теңге болса, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне оның орындалуы 8 млрд. 349 млн. теңге, яғни 101,7%. Жоспар 141 млн. теңгеге артық орындалды.
Жоғарғы бюджеттен түскен трансферттер бойынша жоспарда 7 млрд. 421 млн. теңге болса, оның түсімі 100% орындалды.
Салықтар түсімі бойынша жоспар 1 млрд. 140 млн. теңге болса, 2018 жылдың 8 айында оның орындалуы 1 млрд. 262 млн. теңге, яғни 110,7% құрады. Жоспар 121 млн. теңгеге артық орындалды. (республикалық бюджет 100,2%, облыстық бюджет 94,1%, аудандық бюджет 122,4%).
Шығыстар (қаржы игеруі) бойынша жоспар 8 млрд. 93 млн. теңге болса, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне оның орындалуы 7 млрд. 980 млн. теңге, яғни 98,6%. Қалған 113 млн. 700 мың теңге үнемделген қаражат.
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 650 шақырым. Оның ішінде:
— 394 шақырым облыстық маңызы;
— 256 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.
2018 жылы аудан аумағындағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, орташа және ағымдағы жөндеу, қысқы күтіп ұстау жұмыстарына барлығы 1 млрд. 76 млн. 907 мың теңге бөлінді. Атап айтқанда:
Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын орта жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы 395 млн. 484 мың теңге. Оның ішінде:
1) «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» (36,3-55,92 шақырым аралығы) 19,6 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 150 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан ауыспалы, жоба құны 291 млн. 776 мың теңге. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі. Оның ішінде: 2018 жылға 147 млн. 735 мың теңге; 2019 жылға 138 млн 461 мың теңге.
2) «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» (80-87,860 шақырым аралығы) 7,8 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 130 млн. 484 мың теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Арайстрой-GROUP» ЖШС-гі. Келісім шарт сомасы 128 млн. 363 мың теңге.
3) «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» (86-96,110 шақырым аралығы) 10,1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 115 млн. теңге бөлінді. Аталған нысан ауыспалы, жоба құны 269 млн. 907 мың теңге. Қазіргі танда, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Талас ауданындағы облыстық маңызы бар 299,6 шақырым автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы 73 млн. 908 мың теңге.
Оның ішінде:
1) «Ақкөл-Қойгелды» 36 шақырым, «Күйік — Қарабастау — Қаратау — Жаңатас — Саудакент» 70 шақырым, барлығы 106 шақырым автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 26 млн. 600 мың теңге. Мердігер «Қаратау жолдары» ЖШС-гі.
2) «Ақкөл — Ойық — Ұланбел» 117 шақырым, «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» 49,5 шақырым барлығы 166,5 шақырым автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 34 млн. 378 мың теңге. Мердігер «Көпбосын» ЖШС-гі.
3) «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» 17,6 шақырым, «Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент» 9,5 шақырым барлығы 27,1 шақырым автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12 млн. 930 мың теңге. Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС-гі.
Бүгінгі күнге, ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Аудандық мәндегі және қалаішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 607 млн. 515 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:
— Қаратау қаласындағы 2,210 шақырым Төле би көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 99 млн. 242 мың теңге. Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС-гі.
— Аудандық маңызы бар 20,370 шақырым «С.Шәкіров ауылына кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 141 млн. 751 мың теңге. Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС-гі.
Сонымен қатар, 2018 жылға «Ойық-Бөлтірік шешен, Көшек батыр-Үшарал» 20,192 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 366 млн. 522 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «СтройГарант Груп» ЖШС-гі.
2018 жылы «Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бағдарламасы аясында Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы, Д.Қонаев, Ә.Молдағұлова көшелерін (155 млн. 138 мың теңге) және А.Шейн, Т.Рысқұлов пен орталық алаңды (9 млн. 681 мың теңге) қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 164 млн. 819 мың теңге бөлінді. Жалпы көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым.
Аталған нысандар ауыспалы, қайта жаңғырту жұмыстары 2015-2017 жылдары басталған, барлығы бөлінген қаржы 1 млрд. 517 млн. 432 мың теңге (РБ 1 млрд 152 млн 38 мың теңге, ОБ 365 млн 394 мың теңге). Мердігерлер «Бақ Нұр-І» және «Бірлік Сервис Компани» ЖШС-рі.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Талас ауданы әкімдігінің арасындағы атқарылатын жұмыстардың нақты индикаторлары мен межелері бекітілді, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. (2017 жылдың қорытындысы бойынша 54,5 %, 2018 жылға жоспар 64,4% — аудандық маңызы бар 20,370 шақырым «С.Шәкіров ауылына кіре беріс» және «Ойық-Бөлтірік шешен-Көшек батыр-Үшарал» 20,192 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу).
Қазіргі танда, барлығы 69,85 шақырым қала мен ауылішілік автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге үшін 1 млрд. 456 млн. теңгеге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Оның ішінде Қаратау қаласында 12 көшенің сметалық құны 295 млн. теңге, ауылдық округтер бойынша сметалық құны 405 млн. теңге (Ақкөл 4 көше, Үшарал, Тамды, С.Шәкіров, Қызыләуіт, Ойық ауылдық округтерінде 3 көше, Аққұм 2 көше, Көктал 1 көше), аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолын сметалық құны 555 млн. теңге және «Қаратау-Қасқабұлақ-Есейхан-санаторий Көктал» 45,2 шақырым автомобиль жолын сметалық құны 201 млн. 199 мың теңге.
Облыстық маңызы бар 393,5 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 13 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде:
1) «Күйік — Қарабастау — Қаратау — Жаңатас — Саудакент» 27-107 шақырым (80 шқ) автомобиль жолын қысқы күтіп ұстау (Күйік бұрылысынан — Сарысу ауданының аркасына дейін) — 2 млн 132 мың теңге, мердігер«Талас жолдары» ЖШС-гі;
2) «Ақкөл-Қойгелды» 0-30 шқ, «Тараз-Ақкөл-Саудакент» 51-117 шақырым (66 шақырым), «Ақкөл-Үшарал» 0-53 шақырым барлығы 149 шақырым — 4 млн 348 мың теңге, мердігер«Талас жолдары» ЖШС-гі;.
3) «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» 0-117 шқ (117 шқ), «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» 69-116,5 шқ (47,5 шқ) барлығы 164,5 шақырым — 4 млн 354 мың теңге, мердігер«Көпбосын» ЖШС-гі;
Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық маңызы бар 256,1 шақырым автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 10 млн. теңге бөлінді.
Аудандағы елді мекендерді газдандыру бойынша:
Аудандағы 23 ауылдық елді мекендері ішінен 9 елді мекенге газ құбыры жеткізілген. Жалпы 9 елді мекенде аула саны 1570 болса, газға қосылғаны 1370 үй, яғни 87% құрайды (200 үй қосылмаған).
1996 жылы — Тамды ауылы.
2014-2016 ж.ж. – Аққұм, Бостандық, Талапты, Тамабек, Ойық, Сейілбек, Тұрымқұл ауылдары.
Аудандағы елді мекендерді газдандыру мақсатында «Шәкіров АГРС»-нен 5 елді мекенге (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр ауылдары) орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 4 млрд. 941 млн. теңгені құрады. (Жалпы Талас ауданы бойынша 5 елді мекен, Сарысу ауданы бойынша 4 елді мекен).
Осы аталған елді мекендерде ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн. 900 мың теңге бөлініп, құжаттары дайындалуда. Аяқталу мерзімі 30 қараша 2018 жыл.
Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу үшін 3 млрд. 222 млн. теңгені құрайтын жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаражат бөлуге сұраныс берілді.
Осы аталған елді мекендерге ішкі кварталдық газ тарату желісінің құрылысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама қорытындысын және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 25 млн. теңге бөлу жөнінде ұсыныс берілді. Жоғарыда аталған елді мекендерге ішкі газ желілерін жүргізген жағдайда елді мекендер саны 17–ге жетіп, 80 пайызы газбен қамтамасыз етіледі.
Аудан бойынша газ босату тарифі:
Жеке тұлғалар — 1 куб=27,27 теңге
Заңды тұлғалар — 1 куб=35,52 теңге
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы» бойынша
Жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 1724 адамнан жұмыспен қамтылғандар саны 1171 адам, оның ішінде тұрақты жұмыспен (бос жұмыс орындарына) қамтылғандар – 469, жастар тәжірибесіне – 183, әлеуметтік жұмыс орындарына – 32, қоғамдық жұмыстарымен 487 адам қамтылды. Өтініш білдірген азаматтардың жұмыспен қамту көрсеткіші 67,9% құрады.
Бюджеттен әлеуметтік қолдау шараларына 215 млн. 200 мың теңге бөлінді:
— «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 64 млн. 945 мың теңге қарастырылған (183 жас түлек жолданды).
— «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес 145 млн. 464 мың. теңге бөлінді, (487 адам жолданды).
— Әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында 4 млн. 800 мың теңге қарастырылды, (32 адам қамтылды).
Одан бөлек, қысқа мерзімді қайта даярлау курсымен қамтуға 82 млн. 400 мың теңге қаралған, 8 айда 236 адам оқытылып, 36 млн. 900 мың теңгесі игерілді.
— 233 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылатын болады деп күтілуде, бүгінгі күнге 105 адам оқуын аяқтап, куәліктерін алды.
— Кәсіпкерлікті дамытуға ауданымызда 110 млн. 500 мың теңге шағын несие беріледі деп күтілуде. Ағымдағы жылдың 8 айында 12 адамға «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» қорынан 48 млн. 200 мың теңге және 6 адамға «Аграрлық кредиттік корпорация» арқылы 14 млн. теңге несие берілді.
Білім саласы 2018 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы – 80,1 құрады. (2017ж-75,6). (облыс – 89,4)
4 мектеп 65 балдан төмен көрсеткіш көрсетті. (А.Пушкин атындағы ОМ, Бірлестік ОМ, Жамбыл атындағы ОМ, Қаратау ОМ) мектеп директорларына ескерту беріліп, аталған мектептердің сапасын арттыру бағытында білім бөлімінің әдістемелік кабинеті тарапынан жоспар жасалып, негізгі пәндер бойынша тиісті әдіскерлер бекітілді.
Алтын белгі төсбелгісіне үміткер 20 оқушының 19-ы (95%) өз білімдерін дәлелдеді.
Цифрлық білім беру инфрақұрылымын дамытуға барлығы облыстық бюджеттен 39 млн. 617 мың теңге бөлінді, оның ішінде 4 мегабит/сек.тан жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамту үшін 33 мектепке 15 млн. 798 мың теңге, сандық білім беру ресурстарымен қамтуға 6 млн. 650 мың теңге және 75 дана интерактивті құрылғылар (компьютер, экран, проектор) 17 млн. 169 мың теңгеге сатып алынып, жеткізілді.
— жергілікті бюджеттен 185 компьютер сатып алуға 18 млн. 288 мың теңге бөлініп, 14 млн. 66 мың теңгеге сатып алынды.
— Робототехника кабинеттерімен жабдықтау үшін 27 млн. 606 мың теңге бөлініп, 3 дана робототехника кабинеті сатып алынды.
— Жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықтауға жалпы 111 млн. 372 мың теңге бөлініп, барлығы 17 кабинет жабдықталды (6 химия, 6 физика және 5 биология кабинеттері).
— мектептердің 4 мегабит/сек жылдамдықтан жоғары интернет желісіне қосылуы 100%-ға жеткізу бойынша, 35 мектептің 32-і немесе 91,6%-ы 4 мегабит/сек жылдамдықтан жоғары интернет желісіне қосылған, ал қалған 3 мектеп таулы аймақтарда орналасқандықтан 1 мегабит/сек жылдамдығынан жоғары интернет желісіне қосыла алмайды.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары — заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында 28 тамыз күні Талас аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Жастарға арналған «Коворкинг орталығы» бірнеше салаға бөлінген: жұмыс орны – Интернетке қосылған компьютер, пайдаланушыларға жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі – WI-FI аймағы бар.
Жалпы орталықта барлық санаттағы келушілерге мол мүмкіндіктер қарастырылған. Аталмыш залда офлайн-онлайн форматында республика, облыс, қала деңгейіндегі түрлі сала мамандарының қатысуымен іс-шаралар өткізу, пікір алмасу, жүздесу, еркін ой бөлісу, семинар, тренинг, шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік жасалған. Орталықта дебат, тренинг, шеберлік сыныбы сияқты, ақын-жазушылармен кездесу кештері өтеді. Орталықта келушілерге қызмет көрсететін бірнеше түрлі жағдайлар жасалған, теледидар, шахмат, шашка, дойбы үстелдері орналасатырылған.
Денсаулық сақтау
Туберкулезбен аурушаңдық 22 адам құрап, 3 адамға төмендеген – (2017 жылы 25 адам). Тіркеуде 154 адам тұр (2017ж. 150 адам болған). Есепті мерзімінде 1 өлім тіркелген (2017 жылы өлім тіркелмеген). Бұл өлім Д.Кузенов 07.03.1975 жылы туылған. Диспансерлік есепке 05.02.2016 жылы алынған. 4-ші категория бойынша ем қабылдаған. Емнің тиімсіздігіне байланысты 25.05.2017 жылы 1-Г группамен Мойынқұм ауданы Облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне ауыстырылды. 18.03.2018 жылы Мойынқұм ауданы Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде қайтыс болды. Диагноз: Фиброзно-кавернозный туберкулёз обеих лёгких в фазе обсеменения. ТБШЛУ 1Г группу.
Онкология ауырулардың жағдайы
Есепті мерзімде қатерлі ісікпен аурушаңдық 40 адам құрап, өткен жылға қарағанда 2 адамға артқан. 2018 жылы қатерлі ісікпен өлім деңгейі 18 адамды құрап отыр (көрсеткіш-32,7). Өткен жылға қарағанда 9 адамға кеміген. 2018 жылы Диспансерлік есепте тұрған науқастардың жалпы саны 243 адам.
Аудандық жүрек қан тамыр жүйесі бойынша: 2018 жылдың есепті мерзімде қан тамыр жүйесі бойынша аурушаңдық 1015 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылы есепті мерзімде қан тамыр жүйесі бойынша аурушаңдық 928 адамды құрады.
2018 жылы 8-айында 1 ана өлімі тіркелді (2017 жылы 8 айында ана өлімі тіркелмеген). Бұл ана өлімі Тараз қаласында облыстық ауруханада тіркелді. 15.08.1997 жылы туылған босанушы Ахмедова Басе Ходидаевнаның ана өлімінің қорытындысы: жүкті әйелді жалпы жағдайының біршама тұрақталғаннан кейін 3-деңгейге дер кезінде жеткізбеген. Жүкті әйел операция кесір тілігіне ерте алынған.
Бұл бойынша шұғыл түрде жоспардан тыс штаб отырысы өткізілді. Штаб отырысында орын алған ана өлімі бойынша егжей-тегжейлі талқыланып, жіберілген кемшіліктер бойынша қатысты дәрігерлерге тиісті шаралар қолданылды. Алдағы уқытта ана өлімін болдырмау мақсатында, Алматы қаласынан медициналық ғылыми кандидаты жоғарғы санатты анестезиолог-реаниматолог аудандық ауруханаға шақыртылып, дәрігерлерге біліктілікті арттыру курсты өткізді. Аудандық емханада, ауруханада жүкті әйелдерді тіркеуге алу, диагностикалау, емдеуде бақылау күшейтілді.
Есепті мерзімде 1 жасқа дейінгі 2 бала өлімі тіркелді (2017 жылы 6 бала).
Құқық қорғау 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда аудан аумағында жалпы қылмыстар -23,2 пайызға, немесе 203-тен 156-ға дейін төмендеген, аса ауыр және ауыр қылмыстар 15-тен 13-ке төмендеп отыр.
Жалпы қылмыстардың ішінде қоғамдық тәртіппен тұрғындардың мүлкінің сақтығын қамтамасыз ету бағытындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, ауданда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында мүліктік ұрлық қылмыстары 121-ден 83-ке дейін төмендеген, оның ішінде пәтер ұрлығы 20-дан 20-ға теңескен, мал ұрлығы 56-дан 17-ге дейін төмендеген, ұялы телефон ұрлығы 11-ден 6-ға дейін төмендеген. Жалпы ұрлық қылмысының ашылу пайызы өткен жылмен салыстырғанда 51,0-ден 68,5-ке дейін өскен.
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында қоғамдық орындардағы қылмыстар 25-тен 30-ға 20,0 пайызға өсіп, ал көшеде болған қылмыстар 10-нан 18-ге 80,0 пайызға дейін өскен.
Жасөсіпірімдермен 2 қылмыс жасалған, өткен жылы 3 дерек орын алған болатын.
Аудан аумағында 2018 жылдың 8 айында 18 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 24 адам дене жарақаттарын алып, 2 адам қаза болған. Былтырғы жылы 16 жол көлік оқиғалары тіркеліп, оның 26 адамы дене жарақатын алып, 3 адам қаза тапқан болатын. 2018 жылдың 8 айында 751 жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталған. Оның ішінде 58 азамат көлік құралын алкогольдік масаю күйінде басқарғаны үшін ұсталып, автокөлік жүргізу құқығынан сотпен айырылып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қозғалыс ережесін бұзу -34,2 пайызға төмендеп және көлік құралын алкогольдік масаю күйінде басқарғаны үшін ұсталғандар -37,9 пайызға өсіп отыр.
Биылғы жылы Талас ауданының 90 жылдық және Қаратау қаласының 55 жылдық мерекелеріне орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.