Ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. 4 этномәдени орталық жұмыс атқарады, олар: қазақ, орыс, өзбек, қарашай этномәдени орталықтары.
Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұлтаралық және конфессияаралық достықты нығайтуға қаржы бөлініп, оларға қолдау, демеу көрсетіліп келеді.
Ауданда қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда белгілі рөл атқаратын 2 саяси партияның филиалдары жұмыс істеуде. Олар: «Нұр Отан» (5401), «Ауыл» (80) партиялар, — деп сөзін түйіндеді аудан әкімі Асқар Қырықбаев.