Ауданда 58 мәдени ошақ халыққа қызмет етуде, деп хабарлайды Turaninfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы аудан әкімі Асқар Санатұлы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады. Елдімекендердегі мәдени ошақтардың 21-і — мәдениет үйлері мен клубтар, 36-сы кітапхана, 1-і кинотеатр. Барлық мекемелер Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Ауданда барлығы 150 спорт нысандары бар: оның ішінде бір 1500 адамға арналған 1 орталық стадион, 109 жаздық спорт алаңдары, 35 спорттық зал, 3 атыс тирі, 2 ату алаңы.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында Құлан ауылынан 160 адамды қамтитын денешынықтыру, сауықтыру кешені қолданысқа берілді.