Байзақ ауданының басты саласы — егін және мал шаруашылығы болып табылады. Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басты міндеттерді жүзеге асыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.
Соның нәтижесінде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына межеленген көрсеткіштерге қол жеткізіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы қалыптасты.
Жұмыртқа өндіру мен құс басынан басқа көрсеткіштерді орындауға қол жеткізілді.
Өнеркәсіп
Биылғы жылдың алты айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1477,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109,8% құрап отыр. (облыс бойынша 111,1%).
Ауыл шаруашылығы
Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 6527,8 млн теңгені, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 106,3 пайызды құрады. (облыс бойынша 104,1%).
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 157,4 млн (100,0 %) және мал шаруашылығының өнімдерінің көлемі 6527,8 млн тенгені (106,4%) құраған. Үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысымен ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 9487,8 млн тенгені немесе 104,1 пайызды құрайды деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер
Байзақ ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жер көлемі 446,3 мың гектар құрайды. Оның ішінде егістігі 64,3 мың гектар, 31,2 мың гектары суармалы, көп жылдық екпелер 0,5 мың гектар, шабындық 6,6 мың га, жайылым 339,4 мың гектар.
Атқарылған жүмыстардың нәтижесінде аудандағы егілген жер көлемі 1683,2 гектарға артып, 3,2 пайызға артты.
Сандық технологияны енгізу мақсатында егістік алқаптарын электрондық картаға енгізудің маңызы зор. Қазіргі таңда аудандағы 50800 га жер электрондық картаға енгізілді (102,2%). Ендігі кезекте барлық жайылым жерлерді де картаға енгізіп, игерілуін қатаң қадағалау ауданның ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыруға жол ашатын болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 айында 293,6 га жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, (оның ішінде егістігі 129 гектар, жайылымдық жерлер 164,6 гектарды құрайды).
Ауданда 5,2 гектарды құрайтын 5 жылыжайлар шаруашылығы жұмыс істейді. (оның 2-і өнеркәсіптік және 3-і фермерлік үлгіде). Биыл 7 отбасылық жылыжай іске қосылды (0,8 гектар). Нәтижесінде аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,0 гектарды құрап отыр.
Суармалы егістік алқаптарының үлесін арттыру жолдарының бірі бұрынғы суармалы жерлерді қалпына келтіру және шағын тоғандар салу болып отыр.
Ағымдағы жылы 16 каналдардың 154,6 шақырымы тазаланып, қосымша 13701 га жерді айналымға енгізу үшін шаруаларға жағдай жасалды. Аудандағы 129 су шаруашылығы нысандарының 97 «Казсушар» кәсіпорының теңгеріміне берілді. Қалған 32 каналдың 19-ы ауылдық округтер теңгеріміне өткізіліп, 12 каналдың әділет органында иесіз болып тіркелу мерзімі ағымдағы жылы қазан айында аяқталады.
Агротехникалық талаптарды орындау арқылы дақылдардың өнімділігін арттыру жолдарының бірі алқаптарды тыңайту болып отыр.
Осы мақсатта 193 шаруашылық жалпы 3692 тонна тыңайтқышқа өтінім беріп, 2036 тоннасы (73,6%) алынды. Егістік жерлерді фосфогипспен тыңайту жоспарлы 9000 тоннасының 1426,6 тоннасы (15,9%) алынды.
Мемлекеттік қолдау тетігі арқылы шаруалар жеңілдетілген бағамен бөлінген дизель отынының 1250 тоннасының 1104 тоннасын алып отыр. Өткен жылы 404 тоннасы алынды.
Ауыл шаруашылық техникалардың жаңартудың маңызы зор. Есепті кезеңде 22 шаруашылық 208,7 млн. теңгеге 35 жаңа техникалар алынып, ауылшаруашылық техникалар паркі жаңартылды. (оның ішінде 1 астық комбайыны, 19 трактор және 15 әртүрлі техникалар).
2017 жылдың 6 айында 9 шаруашылық 110,3 млн. теңгеге 21 жаңа техникалар сатып алғанған болатын. (оның ішінде 1 астық комбайны, 8 трактор және 12 әртүрлі техникалар).
Өндірілген өнімді сақтап, қайта өңдеуде күн тәртібінен түспей келеді. Ауданда 150-160 мың тонна көкөніс өндіріледі. Бірақ осы өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорыны жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында жеке кәсіпкер «Жабатаева Л.» құны 430 млн. теңге көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобасын әзірлеп, облыстық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Жер бөлінді.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл, құстан басқа, мал санының өсуіне қол жеткізілді.Соның нәтижесінде экспортқа 116,8 тонна ет жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығын дамыту жолдарының бірі – кооперативтерді дамыту.
Қазіргі таңда 50 ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 807 мүше бірікті.
Жеке қосалқы шаруашылық негізінде құрылған кооперативтер саны — 17 (оның 11 кооперативі 2017 жылы, 6 кооперативі биыл құрылды. Олардың 11-і сүт бағытында, 4-і ет бағытында, 1-і құс өсіру және 1-і көкөніс сақтау бағытында).
Бүгінгі күнге осы кооперативтердің 9-ы жұмыс жасауда, ал қалған 8 кооператив қаражат мәселесі шешілмегендіктен жұмыс істемей тұр.
Осы кооперативтер 628,8 млн. теңге несиеге, 2352 бас сауын сиыр, 4 сүт тасымалдау көлігі, 5 сүт сақтайтын танкер және 1 құрама жем дайындайтын құрылғы алған.
Шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 5755 субъекті тіркелген, олардың 5432-і немесе 94,3% жұмыс істейді
Аудан бойынша тоқтап тұрған 97 кәсіпорын анықталды. (оның ішінде 15-сі өндірістік кәсіпорын, 28-і сауда саласында, 1 мемлекеттік мекеме және 53 тағы басқалары). Осы мекемелердің 2-і жұмысын жандандырды, 24-і жабылды, 9-ы ауданда тіркелмеген, қалғандарын жабу жұмыстары жалғасуда.
Есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2018 жылдың 6 айында 6685,5 млн. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 108,4% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2170,0 млн. теңгені, немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 184,7% құрады.
8923 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6% құрап отыр.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 2513,8 млн. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне салыстырғанда 163,9 % құрады.
Ауданда өзекті мәселелердің бірі – тұрғын үй жер учаскелерімен қамтамасыз ету болып отыр. Қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімін алуға 4970 азамат кезекте тұр. Өткен жылы 113 азаматқа бос жер телімдері берілген. 3 ауылға 45 га жерге инфрақұрылым жүргізілуде. Биыл 360 адамға жер беруге мүмкіндік бар.
5 ауылдық округтердің әкімшілік-аумақтық шекараларын ұлғайту бойынша жерге орналастыру жұмыстары жүргізіліп, облыстық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданып, әділет органдарында тіркелді. Сонымен қатар, осы округтердің шекарасын ұлғайту үшін бас жоспарға және оңтайландырылған жоспарға сәйкес 710 гектар жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. Ендігі кезекте, Жер кодексінің 84-бабына сәйкес мемлекеттің мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізіледі.
Аудандағы 43 елді мекеннің 16 ауылы ауыз сумен қамтылған, халық саны бойынша бұл 37,2% құрайды. Үстіміздегі жылы 4 ауылда 1 млрд. 498 млн теңгеге Кеңес, Абай, Мырзатай, Тегістік ауылдарына ауыз су жүйесі құрылысы жүргізілуде Құрылыс аяқталғаннан кейін ауыз сумен 20 елді мекен (немесе 46,5 %) қамтылады.
Ағымдағы жылдың 6 айында осы ауылдардың 161 үйіне ауыз су кіргізілді (Қызыл жұлдыз-6, Бурыл-21, Құмжота-54, Түймекент-62, Ынтымақ-8, Жетібай-10).
Аудандағы 43 елді мекеннің 22 ауылы газбен қамтылған (немесе 58,1 %). Көгілдір отыны жоқ 21 елді мекенге жаңа газ құбырын салу жұмыстарының ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Құрылыс жүзеге асырылған жағдайда осы елді мекендердің 2081 үйі газбен қамтамасыз етіледі. Мәселенің шешілуін күтпей 3 ауылдың 351 тұрғындары өз есебінен 190 үйге газ кіргізді. Бұндай жұмыстарды тағы да 3 ауылда (Мәдімар, Абай, Кеңес) жүргізуге құжаттары дайындалуда.
Өңірді көріктендіру мен абаттандыруға айрықша көңіл бөлінуде. «Бүкіл Қазақстандық тал отырғызу» акциясы аясында 3618 дана тал-теректер, Бір сәби-бір ағаш» акциясында 592 жаңадан туылған сәбилерге арналып көшеттер отырғызылды.
«Байзақ ауданының 80 жылдығына арналған» аллеяның ішіне 509 дана арша, 230 түп терек егілді.
Қазіргі таңда Орынқұлов көшесінде дыбысты бәсеңдеткіш экран (құны 8 млн. теңге) орнату, аллея салу (15 млн.) жұмыстары жүргізілуде.
Барлық 18 ауылдық округте тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйелі түрде ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен 10 мекеме айналысады.
Аудан бюджетінің кірістер бойынша болжамы (жоспарда 7 097,7 млн.теңге болса, нақты 7 153,5 млн. теңге сомасында, яғни) 100,8% қамтамасыз етілді. 55,8 млн теңге артық орындалды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 млн теңгеге артық жиналды.
Шығыстары бойынша жоспарда 7 152,1 млн. теңге болса, нақты 7 150,0 млн. теңге немесе қаржының 100,0% игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында биылғы жылы 21228 адамның нақты санаттарын белгілеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 6613 (31,2 пайыз) адамы өзектендіріліп, 14615 адамы қалды.
5948 адамды құрап, жыл басынан бері 3100 адамға азайды (2018 жылдың 1 қаңтарына 9048 адам).
2890 жалдамалы қызметкерлер санатына ауыстырылып, 35 адам мемлекеттік кірістер органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.
Білім-басты құндылық. ҰБТ-дегі орташа балл 100,6, өткен жылмен салыстырғанда 17,4 баллға артты (2017 жылғы орташа балл -83,2).
Үстіміздегі жылы Ақшолақ ауылында 120 орындақ мектеп құрылысы басталып, Ботамойнақ ауылындағы 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. 3 мектепте (Ғ.Мұратбаев, Мырзатай, №2 мектептерде) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда мектепке дейінгі бүлдіршіндері бақшамен қамту мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында биыл 9 жекменшік балабақша ашылды. 3 — 6 жас аралығында балаларды бақшамен қамту 99 %-ды құрап отыр (облыста–90,2 %).
Денсаулық-басты байлық. Денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблема — типтік емхананың жоқтығы болып отыр. Қазіргі таңда 1,2 га жер учаскесі облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бөлініп берілді. Жер таңдау актісі, техникалық шарттар және мемлекеттік актісі дайындалды. Радиологиялық қорытындысы алынды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және денсаулық сақтау басқармаларына жобалық — сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлу туралы сұраныс хат жолданды. Өткен жылы 11 ауылдағы медициналық мекемелер ғимараттары сот шешімімен апаттық жағдайда деп танылған болатын. 2017 жылы 3 ауылда амбулаториялар салынды. Бүгінгі күнге 7 ауылда, атап айтқанда, Жаңатұрмыс, Жібек жолы, Аймантөбе, Сарыбарақ, Тегістік, Ынтымақ, Шахан ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Көкөзек ауылындағы медициналық тіректің құрылыс жұмыстарына жарияланған конкурс бойынша сот процесі жүргізілуде.
Өткен жылдың 6 айында аудан бойынша 1058 сәби туылған болса, биылғы жылдың 6 айында аудан бойынша 1170 сәби өмірге келді. Өсім 110,5% (112 балаға артқан).
Биылғы жылдың 1 шілдесіне дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 2608 адамға ұлғайып, 30460 адамды, немесе жалпы халықтан 29,1 пайызын құрап отыр. Биылғы жылы жаңа спорт кешені салынып, стадион, футбол алаңы, ауылдық округтерде 18 стри-воркаут салынды. Түймекент ауылында аула клубы іске қосылды.
Мәдениет саласына сандық технологияны енгізу мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қаражат қаралып, Түймекент және Дихан ауылдық округтеріндегі кітапхана ішінен ақпараттық орталық ашылды. Басқа да ауылдық округтердегі кітапханаларда осындай орталықтар ашу көзделуде.
Құқық бұзушылық және қылмыс профилактикасы тиісті деңгейде жүргізілу нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыс деректері – 11,2 %-ға (188-тен 167 дерекке) төмендеді.
Аудан аумағындағы республикалық деңгейдегі келесі түйінді мәселелерді шешу қажет.
1. 2019 жылы 6 елді мекенді (Қостөбе, Талас, Көктал, Сеңкібай, Сарыкемер, Байзақ) таза ауыз сумен қамтуға 4478,7 млн теңге қажет.
2. Өңірдегі суармалы жерлерді айналымға қосу, аудан аумағындағы каналдарды тазалау жұмыстары, атап айтқанда 115 ішкі шаруашылық каналдар, механикалық тазалауды қажет етсе «Казсушар» кәсіпорны 34 каналды тазалау жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр, қалған 81 каналдың тазалау жұмыстарына қаражаттың қажеттігі сезілуде.
3. ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Байзақ ауылындағы Қостөбе қалашығына қазба жұмыстарын жүргізуге және зерттеуге Мәдениет және спорт министрлігіне қаржы бөлу туралы ұсыныс берілді.
4. Бурыл ауылындағы 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына 1.181 млн теңге қаражат қажет.
Облыстық деңгейдегі шешілетін мәселелер қатарында келесі проблемаларды атап өтуге болады.
1. Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне жанама спорт залы, мәжіліс залы, асхана және 3 оқу бөлмелерін, газбен жанатын қазандық құрылысының жобалық сметалық құжаттары сараптамадан өтуде. Аталған нысанның құрылыс нысанына бюджет есебінен 536,6 млн. теңге қаражат бөлу қажет.
2. Аудан бойынша 8 мектепте асхана, 17 мектепте спорт зал жоқтығына байланысты осылардың құрылысына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 290 млн. теңге;
3. Жергілікті полиция қызметінің штаттық лауазымдарына қосымша 13 учаскелік полиция инспекторлары мен көмекшілері, 15 жол патрульдік полиция инспекторларының штаттық бірліктері, 15 қызметтік автокөлік қажеттігіне орай, қызметтік автокөліктер сатып алу үшін облыстық бюджет есебінен (36 млн) қаражат қарастыру қажет.
Енді жоғарыда атқарылып отырған жұмыстармен қатар жыл аяғына дейн атқарылуы жоспарланған жұмыстардың негізгілерін атап өтер болсақ:
1.«Жамбыл құс» ЖШС-і банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатуына байланысты, босап қалған жұмысшыларды жұмыспен қамту және аудандағы ет өндіріс көлемін арттыру мақсатында жұмыртқа өндіретін «Жамбыл құс» ЖШС-і сатылып, «Алель агро» ЖШС-і тарапынан нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 500 млн. теңгеге құрал-жабдықтары алынды. Құс сою цехына жер іздестірілуде. Жоба іске асырылғанда жылына 20 мың тонна құс етін өндіру жұмысы жолға қойылады.
2. Ауданда индустриалды аймақ ашу мәселесін жандандыруымыз қажет. Индустриалды аймақты дамыту мақсатында «Ақ-сұңқар 2002» ЖШС-нің базасында кәсіпкерлердің бизнес жобалары бойынша цехтар ашу жоспарлануда.
3.Ауданда мал ауруларының алдын алу және ветеринарлық шараларды жүргізуге арналған 1 пункт жұмыс жасайды. 4 ауылдық округте босаған ғимараттарды ветпункттерге беруді жоспарлап отырмыз. 2 ауылда ветпунктке ғимарат сатып алуға конкурс жариялануда. Қалған ауылдық округтерді 21 ветпунктті қызметтік ғимаратпен қамтамасыз ету міндеті тұр.
4. Әлеуеті төмен бірақ тиісті өндірістік базалары бар кәсіпорындарды жалға беру бойынша үйлестру жұмыстарын жүргізу қосымша жұмыс орындарын ашуға және салықтық түсімдердің артуына әкеледі. Осы бағытта жұмыстар жүргізу қажет.
5.Тұрғындар саны 100 адамнан асатын елді мекендер саны – 43, қоғамдық көлік қатынасымен қамтылғаны – 37 немесе 88,1%. Осы көрсеткішті 100 пайызға жеткізуіміз қажет.
6. Ағымдағы жылы 3 (Ш.Уәлиханов, Абай, Н.Гоголь) мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін жергілікті бюджеттен 29 млн. теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін ЖСҚ дайындауды аяқтауымыз қажет.
7. Сонымен қатар «Энергия тиімділігін арттыру» бағдарламасы аясында Халықаралық даму банкі гранты арқылы Түймекент, Бурыл, Уәлиханов орта мектептерінің ғимараттарына ішінара күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, тамыз айына жоспарлануда.
8. Биыл жергілікті бюджеттен 1 млн. 731 мың теңге бөлініп, 220 (50%) көшеге жаңа үлгідегі аншлагтар орнату жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 155 көшеге жаңа үлгідегі аншлаг орнатылып, аудан бойынша қамтылуы –35,2%-ды құрап отыр. Жыл аяғына дейін 50 пайыз көрсеткішке қол жеткізіледі деп жоспарлануда.