Бүгін , «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қаласының №4 бөлімінің ұйымдастырумен бөлім ғимаратында «Ашық есік күні» өткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қоғамдық қабылдау, тұрғындарға құқықтық қызмет көрсетілді.
Шараға Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа, бөлім қызметкерлері және бөлімге қызмет алуға келген тұтынушылар қатысты.
Қоғамдық қабылдауға тұрғын-үй, жұмыспен қамту, халықты құжаттандыру қызметтері, жылжымайтын мүлікті тіркеу, міндетті медициналық сақтандыру, алимент өндіру, жер беру мәселелеріне қатысты өтініштерімен 11 азамат жүгінді. Іс-шара барысында азаматтардың барлық тілектері мен өтініштері қаралып, заңды кеңестер берілді. Кейбір мәселелер қосымша қарауды талап етпейтіндіктен, қабылдау барысында оң шешімін тапты.
Мәселен, Тараз қаласының тұрғыны азаматша П.Попова өзінің жолдасы К.Поповтың жеке куәлігін жоғалтып, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болмағандықтан қайта ала алмай жүргені жайлы өтініші бойынша Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қаласының №4 бөлімінің жауапты қызметкерлері К.Поповқа жеке куәлігін алуға жәрдем беру тапсырылып, бұл мәселенің шешілуі бақылауға қойылды.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қабылдау – халықтың мәселелерін шешудің тиімді әдісі.
«Біздің міндет – халыққа қызмет!» Сондықтан да, халықтың игілігі үшін осы тұрғыдағы іс-шаралар үнемі жүргізілетін болады.