Ағымдағы жылдың 10-наурыз күні «Баласағұн» ОКЗ-да АҚШ
консулдығының ұсынысымен әйгілі американдық «Humming House» тобы
мен қазақстандық «Айна мен Руми» дуэтінің концерті өтті. Мәдени шара облыстық филармония оркестрінің домбырашысы Дидар Басықараевтың орындауында дәулескер композитор Н.Тілендиевтің атақты «Баламишка» күйімен ашылды. Әлеуметтік желінің жұлдыздарына айналған «Айна менРуми» дуэті көрермендерге ерекше әндерімен шашу шашып, халықтың ілтипатына бөленді. «Humming Hous» тобы бар өнерін ортаға салып, өз репертуарынан әндер орындады. Шара барысында Дидар Басықараев аталған топпен «Әлқисса» күйін тартып американдықтарды қазақ музыкасымен таныстырды. Екі топ концерт соңында бірігіп бірнеше ән орындап, соңында белгілі хит «Қайда?» әнін халықпен қосылып шырқады. Сондай-ақ, Тараз қаласына арнайы ат басын бұрған шет елдік өнерпаздар осы күні таңғы 10.00 мен түскі 12.00 аралығында «Глинка» атындағы музыка мектебінде вокал және аспапта ойнау бойынша шеберлік сыныбын өткізді.