Алматыдағы Абылай хан даңғылында болған жол апатында автокөлік екіге бөлініп қалды. Жүргізуші жедел жәрдем келгенше қайтыс болды, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, Nissan Skyline даңғылмен солтүстікке қарай аса жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатып, белгісіз себептермен жүргізуші рульге ие бола алмай қалған.
Дереккөз Kaz.tengrinews.kz