Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы болып Мәдиев Алмас Өскенбайұлы тағайындалды деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алмас Өскенбайұлы Мәдиев 1972 жылы туған. 1994 жылы Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Яссауи атындағы қазақ-түрік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл технологиялық институтында оқытушы болып бастаған.
1997 – 2003 ж.ж. – Жамбыл облыстық әкімдігі Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында аға маман, Жамбыл облыстық әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі.
2003 – 2009 ж.ж. – Жамбыл облыстық әкімдігі Экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының басшысы.
2009 – 2014ж.ж. – «Оңтүстік ӘӨК ҰК» АҚ қаржы директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры, «Павлодар ӘӨК ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
2014-2016 ж.ж. — Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік, инновациялық индустриалды дамыту басқармасының басшысы
2016-2017 ж.ж. — Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, инновациялық индустриалды дамыту басқармасының басшысы
2017 жылы 29 тамыздан 2019 жылы ақпанына дейін Алматы қаласының әкімінің орынбасары
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Алматы» ӘКК басқарма төрағасы
Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.