2018 жылдың 8 айында Жамбыл облысы Әділет департаментімен зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар туралы
Әділет департаменті, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2018 жылдың 8 айында Жамбыл облысының Әділет департаментімен құқық иеленушірден түскен арызы негізінде тауар таңбасын және авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдаланғаны үшін зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге қатысты барлығы 6 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, аталған «ДЖИНН», «Пиала Gold», «Артек», «Қазақстан» тауар таңбалары белгіленген өнімдерді дайындау, ҚР аумағына әкелу, сатуға ұсыну фактісі анықталды.
Нәтижесінде ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 158 бабы бойынша 4 әкімшілік өндіріс қозғалды, 1 тексеріс бойынша құқықбұзушылық анықталмады. Заңсыз айналымнан жалпы соммасы 15 695 теңгені құрайтын 119 дана контрафактілік өнімдер алынды.
1 тексеріс («Microsoft Word» авторлық құқық объектiсін заңсыз пайдалану фактісі бойынша) нәтижесінің материалдары процесуалды шешімді қабылдау үшін Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне жолданылды.
Аталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 іс сотпен қаралып жалпы соммасы 307 840 теңге көлеміндегі айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту және контрафактілік өнімдерді тәркілеу туралы қаулы шығарылды.