Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Жамбыл ауданының әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру арқылы қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы аясында форум өтті.
«Адал жол» марафоны аясында форумға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуын бағалау және сыртқы талдау жасау жөніндегі Арнайы мониторингтік топтың мүшесі М.Дуанбеков және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры А.Бердалин, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының орынбасары Д.Смағұлов, Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау басқармасының басшысы М.Байсалов және Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы М.Нәлібаев және облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты. Форум барысында Жамбыл ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафон-эстафетасының кітабын Талас ауданына табысталды.
TURANINFO.KZ