Т.Рысқұлов ауданында Үкіметтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен тұрғын үй құрылысын салу мақсатында 80 пәтерлік 5 қабатты 1 үйдің 1-ші белгі/ құрылысына жобалау сметалық құжат дайындауға бюджеттен 7134,0 мың теңге, 2-ші белгі құрылысына жобалау сметалық құжат дайындауға бюджеттен 10925,0 мың теңге, кәріз коллекторының құрылысын салу нысанына жобалау сметалық құжат дайындауға 8563,0 мың теңге және тұрғын үй алқабын абаттандыру және ішкі алаңның инженерлік желілері құрылысын салу нысанына жобалау сметалық құжат дайындауға 9684,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда жобалаушы сметалық құжаттаманы дайындап мемлекеттік сараптама қарауына жіберілді.
2018 жылы жалпы алаңы 9500м2 (2017 ж- 9030м2) 100 жеке меншік тұрғын үй (2017 жылы-94 тұрғын үй пайдалануға берілді) жоспарланып отыр, көрсеткіш 106,7% болмақ.