ТЖД: «ҚАЗА ТАПҚАН ЖАСӨСПІРІМ 2006 ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН»

Бүгін сағат 13.25-те «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған № 9 поездының 6 вагоны релстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты (жеке белгілері анықталуда).
— «Қазіргі уақытта 2006 жылы туылған жасөспірім қаза тапты, ал ауруханада бір адам аяғы сынуына байланысты жатқызылды. 14 адам қаралып, емхана қабылдаудан бас тартты» — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сауле Мұнатаева.

Тағы белгілі болғаны вагонның терезесін сындыратын балға табылмаған деп өз пікірімен бөлісті поезд пассажирі және вагоннан шығуларына әскерге бара жатқан азаматтар көп көмектескен екен. Апат болған жерде кәмелет жасқа толмаған балалар көптеп кездесіп, олар экскурсияға бара жатыр екен.


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X