«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының облыстық іріктеу кезеңі ағымдағы жылдың 14 маусым күні Тараз қалалық мәдениет үйінде өтті.
Мәдениет үйінің алдында мега жобаның қазылар алқасы мен қатысушыларын қала қонақтары мен жанкүйерлер қарсы алды.
Жобаға аудандық іріктеу кезеңінен өткен 11 күйші, 9 термеші, 11 дәстүрлі әнші, барлығы 31 үміткер қатысты. Жобаның шарты бойынша олар ән, күй, терме жанрларынан 2 шығармадан орындады.
Аталмыш жобаның қорытындысы бойынша үздік деп 3 өнерпаз танылды. Атап айтқанда, қазылар алқасының шешімімен күйші Дулат Байзілдаев (Тараз қаласы), термеші Мәлік Мықтыбеков (Жуалы ауданы), дәстүрлі әнші Ахат Кенжебаев (Сарысу ауданы) иеленді.
Халықаралық «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші,күйші, термешілердің телевизиялық мега жобасына жолдама алды.