Басты мақсат – мемлекеттік тілдің аясын кеңейту

Еліміздің тиісті сала басшылары, тілші-ғалымдар мен тіл жана¬шыр¬лары әрдайым мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге назар аударып, ортақ мәселелерге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп отырады. Расында, мемлекеттік тілдің жағдайы әрбір жанашыр азаматты тол¬ған¬дырары сөзсіз. Баршамыз осы іске бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосатын болсақ, қазақ тілінің тұғырын биіктете түсетініміз ақиқат.
Адамзат тарихының мың¬даған ғасыр бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, қоғам мен мемлекет құрылы¬мындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстан¬ған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басы¬нан кешірді. Өйткені, ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын таныта¬тын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде, мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза Әлі атамыз тегін айтпаған. Тіл – ұлттық діліміз¬дің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің арақатынасында аса маңызды рөлге ие.

Әлия Арзымбетова,
Тараз қаласы №2 сотының бас маманы, сот мәжiлiсiнiң хатшысы


Оқи отырыңыз

Пікір қалдыру

Пікір қалдыру
X