Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызмтінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Қайнарбеков Гамлет Төреханұлы айтты.
Гамлет Төреханұлы баяндамасында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бүгінгі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды босатудың маңызы зор екендігін, ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» — деп атап өтсе, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде ұйымдардың жекешелендіру мерзімдерін 2020 жылдан 2018 жылдың соңына дейін толығымен аяқтауды тапсырғаны мәлім.
Бұл тұрғыда, Жамбыл облысы әкімдігініңқаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Жекешелендірілу мерзімдері 2020 жылға белгіленген 5 ұйымның («Қазақ күресі клубы», «Жамбыл» бокс клубы», «Тараз» волейбол клубы», «Әулие-ата» ат спорты клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар таратылуда, ал «Айша бибі» су добы клубы» кәсіпорыны 17.10.2017ж. аукционда сатылды) жекешелендіру уақыты 2017 жылға ауыстырылды.
Жекешелендірудің негізгі мақсаты Жергілікті бюджетке қаржы түсірумен қатар, облыстығы бизнестің дамуына серпін беріп, экономикадағы мемлекет үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.
2017 жылғы 11 сәуірдегі №194 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жамбыл облысы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын 37 ұйымның тізбесі бекітілген болатын.
2014-2016 жылдары осы 37 ұйымның 2-уі таратылып, 10 ұйымы сенімгерлік басқаруға берілген.
Қалған 25 ұйымның 21-і коммуналдық меншіктен, 4-еуі «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамынан.
Жол картасына сәйкес 3 ұйымды жекешелендіру 2018 жылға жоспарланған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша жекешелендіруге жоспарланған 22 ұйымның 13-і 1 млрд. 950,9 млн. тенгеге сатылды, 1-уі сенімгерлік басқаруға берілді (Тараз қаласының №9 қалалық емханасы), спорт басқармасына қарасты 4 ұйым таратылу үстінде болса,4 ұйым бойынша өтініштердің түспеуіне байланысты тендерлер мен аукциондар өтпеген болып танылды.
Оның ішінде, «Тараз» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ бойынша 2017 жылы «Әбдір Сағынтаев атындағы»,«Керімбай Оязбекұлы атындағы «Көктал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері20,9 млн. теңгеге сатылды.
Жалпы, 2018 жылы Жамбыл облысының коммуналдық меншігіндегі 9 ұйым бәсекелес ортаға беріледі. Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың ішінде,бүгінгі таңға «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы,«Жамбыл-Жылу», «Темір Жол Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы және «Айша бибі» санаторийі» қазыналық кәсіпорындарына бағалау жұмыстары жүргізіліп,шілде айында тендерге шығарылатын болады.
Жол картасына сәйкес «Тараз коммуналкөлік»жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тәуелсіз бағалаушылармен бағалау жүргізіліп, мүлкі 355 981,0 млн. теңгеге бағаланып 18 сәуірдеаукциондарға шығарылды, өтініштердің түспеуіне байланысты сауда-саттық өтпеген болып танылды. Бүгінгі таңда, бірқатар активтері «Тараз» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ-на беріліп, қайта бағалау жұмыстары жүргізілді және жол картасыы бойынша тамыз айында аукционға қайта шығарылады.
Сол сияқты,«Тоғызкент»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінсауда-саттыққа шығару 2018 жылдың 27 маусымына белгеленді.
Ал, Шу ауданының «Шу сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қалған 49 пайыз мемлекеттік үлесі үстіміздегі жылдың 10 сәуірде және 15 мамырда аукциондарға шығарылып, өтініштердің түспеуіне байланысты сауда-саттық өтпеді. Келесі сатылым заң талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың 14 маусымына белгіленген.
Сарысу ауданының «Көгалдандыру және көріктендіру» мен«Тараз» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның«Торгово-закупочная компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін жекешеліндіріу жол картасына сәйкес тамыз айында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету, сондай-ақ әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты ұйымдарды мүмкіндігінше бәсекелес ортаға беру немесе тарату, сондай-ақ шоғырландыру керек екендігіне баса назар аударды.
Бұл тұрғыда, облыс көлеміндегі ведомствоға бағынышты ұйымдар бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп ұсыныстар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.
Анықталған ведомстволық бағынышты ұйымдарды бойынша Жол картасы әзірленіп кезең-кезеңімен бәсекелес ортаға берілетін болады.
Жекешелендіру процесінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін бәсекелес ортаға берілетін объектілер бойынша толық ақпараттар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік тізілімнің www.gosreestr.kz веб сайтында жариялануда.
Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жекешелендірудің барысы туралы брифингтер өткізілуде. Облыс көлеміндегі жекешелендіру барысы жөніндегі материалдар облыс әкімдігі мен қаржы басқармасының ресми сайттарында орналастырылған.
Жалпы, Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы тұрақты бақылауда деп сөзін аяқтады спикер.