Жамбыл облысында 2017 жылы метрологиялық талаптар мен ережелерін сақтау бойынша 68 тексеріс жүргізілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ахметова Алия Аманқұлқызы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Киргабакова Куралай Шекербековна, «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филалының директоры Мыңбаев Асқар Құрманұлы.
Алия Аманқұлқызының айтуынша, Департамент Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Техникалқы реттеу және метрология комитетінің аумақтық ведомствосы болып табылады.
Департаменттің негізгі мақсаттары болып:
– Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң терiс нәтижелерi салдарынан қорғау, отандық және импортталатын өнiмдердiң, процестердiң (жұмыстардың) және көрсетiлетiн
қызметтердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету.
2017 жылы метрологиялық талаптар мен ережелерін сақтау бойынша 68 тексеріс (44 ішінара, 23 жоспардан тыс, құқық қорғау органдарымен бірге 1 тексеріс) жүргізілді. Оның ішінде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» заңнамасының талаптарының бұзылуы бойынша 14-і анықталды.
Заңды тұлғаларға қатысты жалпы соммасы 5 млн. астам теңге әкімшілік айыппұл салынып, 14 қаулы шығарылды.
Жарамсыз болып табылған 103 өлшем құралдарын қолдануға тыйым салынып, 14 ұйғарым шығарылды.
2016 жылдың 6 ақпанынан бастап, бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін ҚР «Бағалы металлдар мен асыл тастар» Заңы күшіне енді.
Осы заң талаптарын сақтау бойынша бақылау жүргізетін уәкілетті орган – Техникалық реттеу және метрология Комитеті және оның аумақтық Департаменттері. Зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын кәсіпкерлердің арасында осы саладағы талаптардың орындалуы бойынша Департамент тарапынан ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, заңды тұлғаның хаты негізінде 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында Департаментпен 22 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 5 субъектіде бұзушылықтар анықталып, әкімшілік жазаға жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам құрайтын айыппұл салынды.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі, яғни одаққа мүше елдердің барлығы өндірілетін және сатылатын өнімдерінің сәйкестікті растау нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес болуы қажет. Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде сәйкестікті растау бойынша бірыңғай нормативтік құжат ретінде, кеден одағының техникалық регламенті болып табылады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің ұсынысы бойынша облыстық әкімдіктермен бірлесіп, өңірлік штаб құрылған болатын.
Өңірлік штабтың мақсаты – бизнес субьектілеріне техникалық регламенттердің талаптарының белгілі бір салаға бейімделуі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Кеден одағының техникалық регламентіне ұсыныстар мен өзгертулер, толықтырулар қарастырылады.
2017 жылы 6 өңірлік штаб отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттердің бейімделуіне байланысты ұсыныстар мен шешу жолдары бойынша жобалар қарастырылды.
Департаментке келіп түсетін өтініштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» туралы ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Департаментке 2017 жылдың 12 айлығында 86 өтініш, оның ішінде заңды тұлғалардан – 44, жеке тұлғалардан – 42 келіп түсті. Барлық өтініштер қатаң түрде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының сәйкес қарастырылады. Өтінішдердің басым бөлігі өнімнің сәйкестігін міндетті растау жөнінде. Барлық өтініштерге Заңға сәйкес орындалу мерзімімен жауап қайтарылған,-деп сөзін түйіндейді спикер.