Облыстық «Ақ жол» газеті» ЖШС директорының бірінші орынбасары қызметіне Алпамыс Шәменұлы Қазыбаев тағайындалды.
Қазыбаев Алпамыс Шәменұлы 1979 жылы 2 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы қыстағында дүниеге келді.
1994 жылы Қазалы ауданындағы № 216 Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебінің 9 сыныбын бітірдім, Жамбыл политехникалық колледжіне «техник-электрик» мамандығы бойынша оқуға түстім. Колледжді 1997 жылы бітірдім. 1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітірдім. 2004 жылы осы оқу орнында магистратура бітірдім.
2003 жылдың мамырында «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына жұмысқа тұрдым. Диктор, редактор корреспондент, аға редактор, ҚҰА Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.
2008-2010 ж.ж. «Қазақстан-Петропавл» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор.
2010 ж. Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті жауапты хатшысының орынбасары.
2010 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан-Тараз» телеарнасы директорының орынбасары-Бас редактор.
TURANINFO.KZ