Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісіммен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев 1978 жылы туылған.
1999 — 2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кеден органдарының инспекторінан бастап бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған;
2014-2016 жылдары- «АгроНК» ЖШС директорының орынбасары;
2016 жылдың 02 айынан — 2017 жылдың 07 айына дейін — «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары;
2017 жылдың шілде айынан — 2018 жылдың қаңтар айына дейін — Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстары комитет басшысының орынбасары;
2018 жылдың қаңтар айынан бастап — бүгінге дейін — Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі;
Дауылбаев құрылыс, автомобильдік жолдар және жолаушылар тасымалы денсаулық сақтау салаларын жауапты орынбасар.
Осыға дейін бұл қызметте болған Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі қызметіне ауысқан болатын.