Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мәдениет басқармасының ауыспалы кубогі аясындағы жарыс «Спорт-денсаулық кепілі!» атты мәдениет қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде кіші футболдан өткен турнир өз мәресіне жетті. Бұл турнирге мәдениет басқармасына қарасты облыстық мекемелер арасынан 8 команда қатысты.
Ойын барысында жартылай финалға төрт команда Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Облыстық тарихи өлкетану музейі, Облыстық қазақ драма театры, Тараз қалалық мәдениет үйі шықты. Облыстық халық шығармашылығы орталығы Облыстық тарихи-өлкетану музейінің командасын 3:0 есебімен жеңіп финалға шықса, Тараз қалалық мәдениет үйінің жігіттері мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының командалары тең ойнап ойын соңында пенальти теуіп 5:4 есебімен Тараз қалалық мәдениет үйі өтті. Ал финалда Облыстық халық шығармашылығы орталығының командасы 4:1 есебімен Тараз қалалық мәдениет үйінің командасын жеңіп облыстық мәдениет басқармасының ауыспалы кубогінің жеңімпазы болып таңылды. Сонымен I орынды «Облыстық xалық шығармашылығы орталығының» жігіттері қанжығасына байласа, II орынды Тараз қалалық мәдениет үйі иеленсе, III орын Жамбыл облыстық қазақ драма театрының жігіттеріне бұйырды. Бұл үш орынды иеленген командалар бағалы жүлделі сыйлықтарға ие болды. Жарысқа қатысқан қалған мекемелерге Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаевтын атынан, басқарма басшысының орынбасары Зубайра Жарқынова Алғыс хат табыстады. Ал жарыстың ең үздік шабуылшысы Облыстық xалық шығармашылығы орталығының әдіскері Қойшыманов Саят танылса, ең үздік ойыншы атағына Облыстық тариxи өлкетану музейінің қызметкері әрі ардагер ағамыз Әзімбек Тілешов лайық деп танылды.