ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жүйелі түрде жол полиция және көліктік бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесіп арнайы нұсқауларды таратуға бағытталған және жол қозғалысына қатысушылар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді.
Ағыдағы жылдың сәуір айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлескен рейдттік іс-шаралар жүргізу барысында «Lexus GX 470» маркалы автокөлік иесі азамат Р. ЖПҚ инспекторларына 2000 теңге сомасында заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі анықталған.
Департамент тарапынан азамат Р. — ге қатысты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) әкімшілік хаттама толтырылып, қарау үшін Тараз қ. мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.
Нәтижесінде Тараз қ. мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат Р. екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 481 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.