Тараз қалалық №2 сотының судьялары Ұлы Отан соғыс ардагері Тілеуқабыл Төребековты «9 мамыр — Жеңіс күні» мерекесімен құттықтап шықты деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
— Тілеуқабыл Төребеков атамыздың жолы — салиқалы жол. Жастайынан жетім болып, соғыстан аман келіп, облысымыздың партиялық жұмысқа белсене атсалысып, қазіргі тілде айтқанда қаланың мэрі болған атамыз. Атамызда қадірлеп батасын алу бізге бір үлкен ғанибет — деп өз ойымен бөлісті Тараз қалалық №2 сотының бас маманы Әлия Смаділдәқызы.
Айта кетерлгі, Тілеуқабыл атаның батасын алуға Тараз қалалық сотының судьялары Фариза Өтешова мен Бағдат Төребеков барды. Елге, жұртқа адал болу және қиын жұмыстарында сабырлық етіп қызмет етуге пікір білдірді.