Мектеп оқушылары кәсіби сынамадан өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 27 сәуір күні облыстағы колледждердің базасында «Кәсіби үлгідегі модель негізінде интерактивті кәсіби зертханаларды құру» жобасы аясында мектеп оқушыларына арналған кәсіби сынама ұйымдастырылды.
Іс-шара қала мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдауда дұрыс жол таңдауына септігін тигізіп, мамандықтар мазмұнын ашып түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға қала мектептерінің білім алушылары колледжде оқытылатын мамандықтармен, колледжге түсу шарттарымен, оқу орыны ұсынатын жеңілдіктермен танысты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өздеріне ұнаған мамандықтар жайлы кеңінен ақпарат алды. Сонымен қатар колледждің ішкі мазмұнымен, кітапхана қорымен, ғаламтор жүйесіне қосылған компьютерлердің оқу бөлмелерімен танысты. Кәсіби сынама жұмыстары барысында мектеп оқушылары кәсіби мамандықтар бойынша мамандардың зертханалық жұмыстардың куәсі болып қайтты. Колледждің материалдық-базасымен таныстыру мақсатында оқушыларға коледж ішінде экскурссия ұйымдастырылды.
Шараның қорытынды бөлімінде балаларды аймақтық еңбек нарығында преспективті және сұранысқа ие кәсіп түрлерімен таныстыру мақсатында жұмыс берушілермен бірге дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында сынамаға қатысқан оқушылар өз ойларын ортаға салып, кәсіптік мамандықтарға қызығушылықтарының артқандығын жеткізді.
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының болашақ мамандығына бағытталған кәсіби даярлықтан өтуі – олардың болашақ мамандығын адаспай табуының алғышарты болып табылады. Кәсіби сынамалар жобасы мақсатының өзі мамандық таңдау барысында оқушылардың даралығы мен жеке қабілеттілігінің қалыптасуына кәсіптік бағдар беріп, қолдау көрсету. Осы тұрғыдан аталған жоба мектеп оқушылары үшін өзін әр мамандық иесі ретінде сынап көруге үлкен мүмкіндік берді.
Мол ақпаратқа ие болуға жол ашатын бұл жоба жыл сайын өткізілетін болады.
Шынар БЕКТАЕВА,
Облыс әкімдігі білім басқармасының бас маманы.