Мемлекеттік қызметкерлер — бұл әкімшілік құқықтың субьектілері болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңы бар . Онда Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік ұғымдарға анықтама берілген.
Мемлекеттік қызметкер деп мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметкерлердің қағидалары:
Заңдылық – бұл барлық азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың құқық нормаларын сақтау. Ата Заңды, Конституцияны қатаң сақтау. Отанға адал қызмет ету – өзінің туған жеріне, халқына адал қызмет ету, отанын сүю , патриоты болу. Құқық бұзушылыққа жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және алдын алу. Мемлекеттік қызметкерлердің әдептілікті сақтауы – яғни сөйлеу мәнерін , киім кию үлгісін, белгілі бір ортада немесе жұмыс орнында өзін-өзі дұрыс ұстау.
Мемлекеттік қызметкерлер әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білу. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйрену. Мемлекеттік құпияларды және өзгеде заңмен қорғалатын құпияларды жарияламау. Ішкі тәртіпті сақтау – яғни қатты сөйлемеу, шылым тартпау, қасындағы адамдардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу және т.б. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау және жауапкершілікпен қарау. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеу. Мемлекеттік қызметкер билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы .
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік – мәдениет және әкімшілік – саяси аяларын басқару, Қазақстан мемлекетін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шектеуде аса маңызды рөл атқарады.
Менің ойымша мемлекеттік қызметкер — елдің мүддесі үшін өз күшін, уақытын аямай еңбек ететін тұлға. Қазақ елінің болашағының баянды болуы үшін аянбай еңбек ететін жәудір көзді балаларды неге иман жанды қылып тәрбиелемеске?!
Біз есейіп келе жатқан жас ұрпақ, санамызда мүлдем арам ой жоқ. Арманымыз асқақ, қиялымыз ұшқыр. Мемлекет қызметкер болып атақ — данқ жинау емес, сенімді ақтап, аманатын арқалаған біздер бабамыздың әр сөзіне ерекше ден қойып, көңілге түйдік. Елдің тағдыры — біздің қолымызда. Сол үшін білім игеріп, ғылым қуып, ерінбей еңбек етіп, ел игілігі үшін қызмет етеміз. Себебі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта Мағжан атамыздың сөзін санасына сіңіріп өскен, осы тұрғыдан жастарға қатты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, сенім артып отыр.
Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да, кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге де ие болған абзал. Мемлекеттік қызметші болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Персоналды басқару бөлімінің
(кадр қызметі) басшысы Бекзат Калибаева