Жамбыл облысының жастары әлеуметтік бастамаларды іске асыруға 1 миллион теңгеге дейін грант ала алады, — деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасының Жамбыл облысында іске асырылуы туралы баспасөз конференция өтті. Баспасөз конференция барысында Үйлестіру агенттігі басшысының орынбасары Алена Баянбекова ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жобасы – Жастар корпусын дамыту жобасын ұсынды. Жоба жастарды қоғамның өміріне тартуға және олардың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуына, жас адамдарда өмірлік маңызы бар дағдыларын және олардың бастамашылдығын дамытуға бағытталған. Үйлестіру агенттігі Жобаның орындаушысы болып табылады. Сондай-ақ, брифингке Жобаны басқару тобының жетекшесі Гүлмира Ескендірова және Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен қатысты. Спикерлер Жобаны іске асыру механизмдері туралы толық баяндап, қатысуға өз әлеуетін, өмірлік маңызы бар дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеяларды және жобаны іске асыруға мүдделі, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас адамдар (жалпы білім беру мектептерінің оқушыларынан басқа) шақырылатынын түсіндірді. — «Жобада ерекше басымдылық жұмыс істемейтін және оқымайтын немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінен тыс қалып отырған қатысушыларға беріледі. Үйлестіру агенттігі басшысының орынбасары Алена Баянбекова Жобаның шеңберінде қазақстандық жастар гранттық конкурсқа қатысуға өтінім бере алатынын, гранттың ең көп сомасы 1 000 000 теңгені құрайтынын атап өтті. Сонымен қоса, Жобаның барлық қатысушылары 60 000 теңге (ЖОО-ның түлектері) және 40 000 теңге (қалған қатысушылар) мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақылар алады, өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаларды басқару бағдарламасына оқытудан өтеді және менторлардың қолдауын алады. «Жоба 2017 жылы басталды, 1810 жас адам 536 әлеуметтік жобаны іске асырды. Осы жылы Жобаға Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары қатысады. Жоба көп міндетті – ол жастарды өз қаласын/ауданын/ауылын жақсартуға тартады, әлеуметтік белсенді және жауапты болуға көмектеседі, қажетті өмірлік дағдыларды дамытады, жастармен жұмыс бойынша сарапшылардың ортақтастығын дайындайды және облыстың жастар ұйымдарының әлеуетін арттырады», — деп айтып кетті Алена Баянбекова.
Гранттық конкурстың басталуы туралы ақпарат zhasproject.kz сайтында орналастырылады.
Жоба бойынша қосымша ақпаратты Үйлестіру агенттігінен алуға болады:
press@zhasproject.kz
8 7172 500 771, 8 7710362525
https://www.facebook.com/zhasproject/
https://vk.com/zhasproject
https://www.instagram.com/zhasproject/