Бүгін Тараз қаласында ішкі істер департаментінің ғимаратында «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы» атты жиын өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Мұрат Қарымсақов, Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Анатолий Мырзаханов төрағалық етуде.
— 2017 жылы сыбайлас жемқорлық бойынша құқық қорғау органдарынан 24 факт, ал оның ішінде 22 факт ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты. Қазіргі уақытта жемқорлық фактілері бойынша жасы 30-ға жетпеген қызметкерлер көптеп кездесуде, — деп мәлімдеді Мұрат Секешұлы.
Айта кетерлігі, осындай кездесу сержанттық құраммен де жиын өткізілмек.
TURANINFO.KZ