Бүгін Тараз қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған облыстық арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті. Басқосуға арнайы Астана қаласынан республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет төрағасы Мұсағали Дуанбеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Мақсұт Налибаев қатысты. Жиынды «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев ашып, жүргізіп отырды. Шараның күн тәртібіне сәйкес тұрғын үй қорынан үй беру қызметтерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша департаменттің бас маманы Рауан Джакипбеков, Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүргізілген мониторинг қорытындысы туралы облыстық мониторингтік топтың мүшесі Бауыржан Мөрбеков баяндама жасап, атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.
Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар берілді.
TURANINFO.KZ