Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған, құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтық комитет төрағасы Мұсағали Дуанбеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Агенттік) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, республикалық арнайы мониторинг топ мүшелері (АТМ) және облыстық арнайы топ мүшелері, Агенттіктің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсұт Налибаевпен бірге Тараз қаласының №1 ХҚКО-да болып, мемлекеттік қызметтерге кеңінен қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жамбыл облысындағы «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы филиалының халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Данияр Медетбеков қонақтарға толық экскурсия өткізіп, мекеме жұмысының барысы туралы хабардар етті және барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бар жағдайлар жасалғанын жеткізді.
Топ мүшелерінің келесі барған нысандары: облыстық перинаталды орталық, Тараз қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасы және Жұмыспен қамту орталығы.
TURANINFO.KZ