Қос ел командалары арасындағы бәсекенің нүктесін 91 келіден жоғары салмақта жамбылдық Нұрсұлтан Аманжолов пен Эвандерс Сервютс қойды. Аса ауыр салмақта арландардың атынан жұдырықтасып жүрген Нұрсұлтан бабында. Оны ол бүгінгі сайыста да байқатты. Қытай айдаһары Эвандерске айтарлықтай қарсылық танытып, өзінің мықтылығын тағы бір рет дәлелдеді. Бұл бәсекеде өте тартысты өтті. Жерлестерінің алдында аянып қалмаған Нұрсұлтан өз бапкерлері қойып берген тактикадан тайсалмай, қарсыласын ауыр соққылардың астына алуға тырысты. Мұндай бәсекенің тағдырын бір ғана соққа шешіп кететінлігін ескерсек, арлан қорғанысты да ұмытпады. Бірақ қытай командасының атынан өнер көрсетіп жүрген Эвандерс те оңай қарсылас емес екен. Дегенмен барлығын шаршы алаңдағы айқас анықтап берді.
Осылайша «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы мен Қытай елінің «China Dragons» командасы арасындағы жекпе-жек 5-0 есебімен аяқталды.