Сондай-ақ 69 келіде тараздық Асланбек Шымбергенов 24 жасар Таксимаймайти Хайшаермен жұдырықтасты. Арландардың сапында жүріп, шаршы алаңға ысылып қалған Асланбекке бұл жекпе-жектің екі есе ауыр тигені түсінікті. Алдымен осынау жекпе-жекті ұту болса, екеншіден жерлестерінің үкілі үмітін ақтау болды. Осыны ойлаған ол керемет бокс үлгісін көрсете білді. Бүгінде еліміздің бас командасының құрамына іліге бастаған ол қазақстандық салмақ атанып кеткен 69 келіде кімнің мықты екенін тағыда дәлелдеп берді. Қытай айдаһары Таксимаймайти Хайшаерге еш мүмкіндік қалдырмады десекте болады. Осы жеңісімен ол бүгінгі кездесудің нүктесін қойып бергендей болды.